Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр, күндіз орталығында қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, күндіз еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Тек ҚР батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.