Kyzylorda-news.kz. Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстік бөлігінде қар, оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады.
Тек республиканың батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшеюі, оңтүстігінде күндіз найзағай күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.