Kyzylorda-news.kz Түркістан облысында қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлған тұрғын анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістан облысында полицейлер Ордабасы ауданы Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған Шымкент қаласының тұрғынын анықтады.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы "Өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерін жою” бойынша қылмыстық іс қозғалған.

– Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша заңды шешім қабылданады. Полиция табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау үшін рейдтер мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуде. Сондай-ақ, алқаптарға ескерту тақтайшалары орнатылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өз кезегінде тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылған, - деді облыстық полиция департаменті.

Фото: Видеодан алынған

Тағы да оқыңыз: