Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 11-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Түнде еліміздің оңтүстік-шығысында таулы аудандарда нөсер жауын жауады. Тек күндіз республиканың батысында ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.