Kyzylorda-news.kz. Бүгін атмосфералық ауа ағындардың өтуімен республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің солтүстік жартысында кей жерлерде қар жауады, ал қалған бөлігінде жауын-шашын, оңтүстікте түнде таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Тағы да оқыңыз: