Kyzylorda-news.kz. Қожакент ауылының тұрғыны, Еңбек және тыл ардагері, 107 жастағы Ақшая Бабажанова өз таңдауын жасады.
«Мемлекетіміздің мүддесінен шығатын отаншыл азаматтар ауылымызды, аймағымызды дамыта берсін!» деп бата берді ғасыр жасаған қарт ана.
Айта кетейік, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.
