Kyzylorda-news.kz Air Astana әуекомпаниясының кесірінен 10 жасар бала Түркияда қалып қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот Түркиядан Қазақстанға төлқұжатының жоғалуына байланысты депортацияланған баланың анасының пайдасына Air Astana әуекомпаниясына материалдық және моральдық шығынды өтеу туралы шешім шығарды. Мұны заңгер Данилхан Шағатаев мәлімдеді.

Оқиға 2024 жылдың желтоқсанында болды. Бес бала Air Astana әуекомпаниясының қызметкерлерімен бірге Түркияға кеткен. Бірақ 10 жасар бала келген бойда төлқұжатын таппай қалған. Уақытша құжат жасалғанша, бала екі күн бойы депортация бөлмесінде жалғыз отырды. Содан кейін әуекомпания кәмелетке толмағандарға қызмет көрсетуге баланы заңды өкілден қабылдау, рейс кезінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және келген кезде заңды өкілге тапсыру кіретінін, ал құжаттар мен жеке заттарын бақылау жолаушыға жүктелетінін мәлімдеді.

Баланың анасы Air Astana үстінен сотқа шағым түсірді.

Адвокат Данилхан Шағатаев сотта кәмелетке толмағандар жауапкершілікке тартылмайтындықтан, жолаушының өзі жауапты деген әуе компаниясының мәлімдемесіне қарсылық білдірді.

"Балаларды әуекомпания қызметкерлеріне беру және ұшаққа отырғызу кезінде барлық қажет құжаттың болғаны анықталды. Сотта бірқатар куәгерлер, соның ішінде Түркияда жолсеріктер мен жерүсті қызмет көрсету қызметкерлерінен де жауап алынды. Нәтижесінде сот әуекомпанияның баланың құжаттарын тексеру жөніндегі өз міндеттерін дұрыс орындамағаны анықталды", – деді адвокат.

Данилхан Шағатаевтың айтуынша, сот жаңа әуе билеттерін сатып алу, жаңа төлқұжат рәсімдеу үшін материалдық шығынды өтеу, сондай-ақ 2 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу туралы шешім шығарды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: