1996 жылы Ресей Федерациясында Қазақстанның әдеби және мәдени күндері өтті.

1996 жылы Алматыда Еуропалық комиссия өкілдігінің ресми ашылу салтанаты өтті.

2002 жылы Қазақстан Республикасының аумағында «Космонавтика күні» сериясының екі пошта маркасы айналымға түсті, «Алғашқы рет әлемде кеме бортындағы ғарыш саяхаттанушысы бар халықаралық ұшу» тақырыбына арналған.

2008 жылы Ұлттық банктің орталық филиалына «2008 жылғы Олимпиада ойындары» сериясының коллекциялық шақасы келіп түсті. «Бесайыс» шақасы 925-ші сынамалы күмістен жасалған, салмағы – 31,1 грамм, номиналы – 100 теңге. Дайындалу сапасы – proof. Шақаның аверсінде Қазақстанның елтаңбасы, футбол стадионы бейнеленсе, реверс бетінде бес спорттық ойынның көрінісі мен ойындар өткізілетін жылды білдіретін «2008» деген сандар бейнеленген. Шақаның құны – 5 мың теңге.

2010 жылы соғыс жылдарындағы құпиясы ашылған құжаттар Қарағанды облыстық мұрағатының Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арнаған жинағына кірді. Бұл Қарағанды облысының Ұлы Отан соғысы жылдарында қалай дамығанын білгісі келетіндерге арналған кітап. Оған облыстың 1941-1945 жылдар арасылығындағы өмірі – өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, соттар, прокуратураға қатысты құжаттар кірді. Соның ішінде 1990 жылдардың соңында ғана «құпия» таңбасы шешілген құжаттар да алғаш жарияланған.

2012 жылы Мемлекет басшысы «Құқыққорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

2012 жылы Бейжіңде VI ресейлік-қытайлық-қазақстандық мұнай-газ форумы ашылды. Ресейлік-қытайлық-қазақстандық мұнай-газ форумы 2004 жылдан бері өткізілуде. Confidence Capital компаниялар тобының бас директоры Андрей Руденконың айтуынша, Ресей мен Қазақстанның мұнай-газ саласының тұрақты ілгерілемелі дамуының арқасында бұл алаң нарық қатысушыларының қызығушылығына ие болып қоймай, талап етіле бастады.

Тағы да оқыңыз: