Жаңа жылдың бірінші күні

Қазақстан Республикасында қаңтардың 1-2-сі күндері Жаңа жыл мерекесі атап өтіледі.

Бейбітшілік күні

Рим Папасы Павел VI жариялаған. 1968 жылдан бастап, Рим-католик шіркеулерінде атап өтіледі.

Қытай Республикасы құрылған күн

1912 жылы Синьхай төңкерісі кезінде Нанкин қаласында Сунь Ятсен Қытай Республикасы құрылғанын жариялады..

1897 жылы Жетісу облысы бойынша статистикалық деректер жинау үшін Жетісу облыстық статистика комитеті құрылды. Ұйымның алғашқы атқарған іс-шараларының бірі – Верныйдың, Үлкен және Кіші Алматы стансалары тұрғындарының бір күндік санағын жүргізу болды.

1904 жылы Орынбор – Ташкент теміржолымен пойыздар қатынай бастады. 1906 жылғы 1 сәуірде теміржол толығымен пайдалануға берілді. Теміржолдың Қазақстаннан өтетін бөлігі қазір 1600 километрге созылып жатыр.

1931 жылы ұзындығы 1444 шақырымға созылған Түркістан-Сібір темір жол магистралі тұрақты пайдалануға берілді. Түрксіб Орта Азия мен Сібір аудандарын жалғастырып, экономиканың өрлеуіне өз үлесін қосты. Сонымен қатар темір жол бойларында жаңа жұмыс орындары ашылды.

1966 жылы «Шалқар» радиосы тыңдармандарымен қауышты. «Шалқар» – тек қана мемлекеттік тілде хабар тарататын Қазақ радиосының бөлімшесі.

1980 жылы Алматы сәулет-құрылыс институты (қазіргі Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы) құрылды. Институт Қазақтың политехникалық институтының сәулет және инженерлік-құрылыс факультеттерінің және Бүкілодақтық сырттай инженерлік-құрылыс институтының Алматы филиалының негізінде құрылды. 1992 жылдан қазіргі атымен аталады. Отыз жылдан бері институтта 10 мыңнан аса жоғары дәрежелі мамандар дайындалды. Бүгінде академияда 14 мамандык бойынша 4 мыңнан аса студенттер оқиды. 40 кафедрада 500-ге жуық оқытушылар бар.

1980 жылы көркемөнер жайындағы әдебиеттер шығаратын «Өнер» баспасы ашылды.

1992 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты құрылды. Институттың алғашқы сабағы 1992 жылғы тамыз айында басталды. Аталмыш білім ордасы «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, Қазақстандағы және Орта Азиядағы халықаралық стандартқа сай орта және жоғары білім беру базасында мамандар даярлайтын жоғары білім беру көшбасшысы болып табылады.

1995 жылы Қазақстанда жаңа төлқұжат пен жеке куәлік енгізілді.

1998 жылы Қазақстанда зейнетақы реформасы жүзеге аса бастады.

Тағы да оқыңыз: