Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 1 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, елдің шығысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі күтіледі.
