Kyzylorda-news.kz.  Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ және №198 Ж.Нұрманов атындағы мектебінің ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Бірлігіміз – әралуандықта» атты кездесу өткізілді.

Бүгінде Ұлы Дала төрінде, бір шаңырақтың астында 100-ден астам, ал Алаштың анасына айналған Сыр өңірінде 35 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олар мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуіне аянбай еңбек етуде. Бұл – бабалардан өсиет болып қалған, халқымызға қасиет болып қонған береке – бірлігіміз бен тарих табыстырған ортақ тағдырымыздың жемісі. Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Еңселі ел, іргелі мемлекет атануы, бірлік, келісім және өзара қолдау қағидаттарына негізделген Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ерекше.

Кездесуге облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Мұхтар Ибраев, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» ҚБ облыстық филиалының жетекшісі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Владимир Толоконников, кәсіби медиатор, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жақсыбай Жакеев, «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшісі Елизавета Есмаева және №198 Ж.Нұрманов атындағы мектеп ұжымы мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері «Бірлігіміз – әралуандықта» тақырыбында ой өрбітіп, бүгінде елімізде этносаралық тату-тәтті қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің қазақстандық өзіндік үлгісі жайында және жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін назарда ұстау бағытында сөз қозғады.

Кездесу соңы мерекелік концертке жалғасты.

333333860_747755316785987_4880971038758756993_n.jpg

 

334179528_871385730588250_5018436116255253793_n.jpg

 

333237713_751023243049424_7014459093060430289_n.jpg

Тағы да оқыңыз: