Kyzylorda-news.kz Беларусь Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі жоспарлы түрде артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, орташа жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,7%-ға өсіп, 491,09 рубль болды.
onliner.by басылымының хабарлауынша, негізгі әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшері келесідей белгіленеді:
- жұмысқа қабілетті тұрғындар үшін – 524,97 рубль;
- зейнеткерлер үшін – 357,28 рубль;
- 3 жасқа дейінгі балалар үшін – 305,86 рубль;
- 6 мен 18 жас аралығындағы балалар үшін – 479,59 рубль.
Жаңа көрсеткіштер 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін қолданылады.
Ең төменгі күнкөріс мөлшерінің өсуімен қатар 1 қарашадан бастап бала туғанда және отбасыларға арналған жәрдемақылар да артады:
- бірінші бала туған кездегі біржолғы төлем – 4 910,90 рубль;
- екінші және одан кейінгі балалар үшін – 6 875,26 рубль;
- жүктіліктің 12 аптасына дейін есепке тұрған әйелдерге біржолғы төлем –491,09 рубль;
- 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы жәрдемақы (егер кенже бала 3 жасқа толмаған болса) – 245,55 рубль.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
