Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет мамандары 7 шілде, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Атмосфералық фронттардың әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ және жаңбыр жауады, дауыл соғады.

Республика бойынша жел күшейеді.

Ал республиканың батысында, орталығында Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын болмайды.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстік-батысында, облыстарда төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Тағы да оқыңыз: