Kyzylorda-news.kz. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 16 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде 36 градусқа дейін ыстық болатынын, кей өңірде нөсер жауын мен бұршақ жауып, найзағай ойнайтынын болжады.
Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 16-17 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.