Фото: egemen.kz.

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың ​ 23-қаңтарынан бастап 30-маусымына дейін, елімізге 2022 жылдың 1-қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады.

Қазіргі таңда Республика бойынша 239 мыңнан астам ал, облыста 18 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды.

Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1-шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер ағымдағы жылдың 30-желтоқсанына дейін ғана қаралады. ​

“Уақыттың шектеулі екенін яғни, 10 күнен аз уақыт қалғанын ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз”, - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: