Қазіргі таңда, Қызылорда облысы Сырдария ауданы көлемінде орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сырдария аудандық полиция бөлімі тарапынан жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бағытында профилактикалық және агитациялық іс-шаралар ұйымдастырылуына қарамастан, Сырдария ауданының үстінен өтетін облыстық маңызы бар KN-15 «Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолында соңғы кездерде қайғылы жағдайлардың орын алуымен болатын жол-көлік оқиғалары өсім алуда.

Жоғарыда аталған облыстық маңызы бар KN-15 «Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолы III-ші техникалық жол санатына жатуына байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген «Жол жүрісі қағидаларының» 10.3 тармағына сәйкес, аталған автомобиль жолында көлік құралдарына сағатына 90 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүру рұқсат етілген.

«Құрметті көлік құралдарының жүргізушілері! Сіздерді жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында, көлік құралдарыңызды белгіленген жылдамдықтан асырмай, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз», - делінген Сырдария аудандық полиция бөлімінің хабарламасында.

35.jpg37.jpg36.jpg

Тағы да оқыңыз: