Фото: Спутник.кз
Kyzylorda-news.kz. 29 қаңтарда Қызылорда облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты «Самара-Шымкент» автомобиль жолының бірқатар бөлігіне шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қызылорда облысында ауа райы күрт бұзылды. Қарлы боран соғып, ауа температурасы нөлден төмен түсті.
«Осыған байланысты „ҚазАвтоЖол“ АҚ Қызылорда облысы филиалы тарапынан Астана қаласы уақытымен 29 қаңтар түнгі 01:50-ден бастап республикалық маңызы бар „Самара-Шымкент“ автомобиль жолының 1940-2055,5 шақырым аралығына барлық көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Шиелі ауданынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықты қамтиды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.