Kyzylorda-news.kz. Арал ауданында «2021-2025 жылдарға арналған Индустриялық даму тұжырымдамасы» аясында жалпы құны 168,7 млрд. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 1303 адамды жұмыспен қамтитын 9 жоба енгізілген. Оның ішінде жалпы құны 3,6 млрд.  теңге болатын 2 жоба іске қосылып, 268 азамат жұмыспен қамтылды. 
Атап айтқанда, қуаттылығы 120 мың тонна ас тұзын өндіретін «Аралтұз» АҚ, жылдық қуаттылығы 120 мың тонна байытылған кварц құмын өндіретін «Арал кварц» ЖШС-нің жобалары тұрақты жұмыс жасауда.  

Қазір бірыңғай индустрияландыру картасына жалпы құны 7,2 млрд. теңге болатын, іске қосылғанда 439 азаматты жұмыспен қамтитын 4 жобаны енгізу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. 
Атап айтқанда, «Арал Полимер» ЖШС-ның қап шығару жобасы. Жоба құны – 4 млрд. теңге, 323 адамға жұмыс көзі ашылады.  «Құрғақ құрылыс ұнтақтарын өндіру» жобасының бастамашысы «Aral Quartz» ЖШС 73 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлаған.  
Кәсіпкер Ықылас Алпысбаевтың мал бордақылау алаңы және шұжық өндіру цехын ашу жобасының құны – 336 млн. теңге. Қазір бизнес жоспар даярлануда.

Ал «Аван құрылыс» ЖШС-ның «Профлист өндірісін ашу» жобасы іске қосылғанда 15 адам тұрақты жұмысқа тұрады. Арал қаласының индустриялық аймағындағы жер телімдері толықтай игеріліп,  қосымша 10 гектар жер табысталды. Қазіргі уақытта аймақтың жалпы көлемі 16 гектарды құрайды.

Осыдан бірнеше күн бұрын индустриялық аймақта орналасқан «Берекет» шаруа қожалығының «Ет және ет өнімдерін өндіру» жобасы аясында айына 1 тонна өнім өндіретін тұшпара цехы іске қосылып, 4 адамды жұмысқа алды.

 

Тағы да оқыңыз: