Kyzylorda-news.kz. "Қазгидромет" РМК 30 шілдеге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады.
Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстан Республикасының батысында шаңды дауыл күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады, республика бойынша жел күшейеді болжанды.
Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.