Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 3 қаңтарда ел аумағында қар, батыс пен оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауады. Елдің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын соғады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде түнде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Облыстың орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылордада кей уақытта жауын-шашын болады, көктайғақ, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 18 м/с жетеді. Күндіз бұрқасын соғады. Оңтүстіктен жел соғады, күші – 15-20, екпіні – 25 м/с.
 

Тағы да оқыңыз: