Фото:  pixabay

Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет ел аумағында 26 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

"Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ, бұрқасын болады.

Еліміздің қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін", - деп жазды синоптиктер.

Тағы да оқыңыз: