Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 17 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің тек батыс, солтүстік-батысының кей жерлерінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ сақталады, солтүстік-батыста екпінді жел болжанады.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
 

Тағы да оқыңыз: