Ұлан ауылының оқытушысы Алматы Halyk Bank ойнатқан пәтер иесі болды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Ұлан ауылының оқытушысы Алматы Halyk Bank ойнатқан пәтер иесі болды

17.11.2020, 15:20

386 0

Kyzylorda-news.kz. Halyk Bank-тің «Ай сайын пәтердің ұтыс ойыны» ауқымды акциясының қазан айындағы жеңімпазы Алматы облысы Қарасай ауданы Ұлан ауылының мұғалімі Ғалияш Барлыбаева болып, Алматы қаласы «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешеніндегі 3 пәтердің біріншісін ұтыс алды. Жыл соңына дейін осы кешеннен тағы 2 пәтер ойнатылатын болады.

Алматыда экологиялық таза ауданында бірден үш пәтер ойнатылып жатқан мұндай ауқымды акция елімізде алғаш рет өтіп жатыр. Қатысу шарттары өте оңай екенін айта кеткіміз келеді: Halyk Bank-те 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін 50% жеңілдікпен кредит немесе 24 айға дейін артық төлемсіз бөліп төлеу арқылы сатып алуды ресімдеу және ай сайын Homebank қосымшасында қызметтердің төлемақысын жүргізу жеткілікті.

Акцияның барлық шартын орындап, жарығы мол пәтерге ие болған адам Банктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында кездейсоқ сандар генерациясы әдісімен тікелей эфирде, Halyk Bank қызметкерлерінен іріктелген тиражды комиссиясының және лицензиясы бар нотариустың қатысуы арқылы анықталды.

Ұтыс ойынының жеңімпазы Алматы облысы Қарасай ауданы Ұлан ауылының мұғалімі, төрт баланың анасы болып табылады.

Мен, шынын айтқанда, ұтыс ойындарға сенбегендіктен, ешқашан оларға қатысып көрген емеспін, тек бұл жолы басқа банктен алған кредитімді қайта қаржыландырмақ болып Halyk Bank-ке өтініш білдірген едім. Кредитті ресімген кезде қызметкерлер пәтердің ұтыс ойынына қатыса алатынымды және Homebank-те кез келген төлемді жүргізуім қажет екенін айтты. Оған аса мән бере қойған жоқпын. Біз қала шетінде тұрамыз, Алматыдан пәтер алу тек арманымыз еді. Ал бұл қуанышты жаңалықты естігенде есеңгіреп қалдық. Halyk Bank өткізген ұтыс ойынының арқасында енді Алматыда жаңа пәтеріміз бар! Қыздарым оқу орнына бұрын ауылдан қатынайтын, енді жолдары жеңілдейтін болды. Алғашқы жеңімпаз ретінде мен клиенттерге және барлық қазақстандыққа бұл акцияға қатысуларын ұсынамын. Әрекет жасаған адам, ұтып ала алады екен. – де Алматыдағы жаңа пәтердің бақытты иесі Ғалияш Барлыбаева.

Сіз де өз бағыңызды сынап көріңіз, Алматы қаласындағы «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтердің иесі сіз болуыңыз әбден мүмкін. Бір рет кредит алып, ай сайын Homebank-те қызметтердің төлемақысын жүргізіп, тағы 2 пәтердің ұтыс ойынына қатыса аласыз. Ұтыс ойыны жыл соңына дейін ай сайын өткізіледі. – делінген банк хабарламасында.

«Ай сайын пәтердің ұтыс ойыны» акциясына қатысу үшін*:

  1. 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін келесі кредиттердің бірін алу қажет:
  2. 500 000 теңгеден жоғары сомаға бөлімшеде кепілсіз кредит алу;
  3. 200 000 теңгеден жоғары сомаға Homebank қосымшасында онлайн-кредит алу;
  4. 200 000 теңгеден жоғары сомаға Homebank қосымшасында онлайн-бөліп төлеуді ресімдеу;
  5. 1 000 000 теңгеден жоғары сомаға күтпейтін қажеттіліктерге кредит алу;
  6. 1 000 000 теңгеден жоғары сомаға, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар («7-20-25 ипотекасы», «Баспана-ХИТ ипотекасы») бойынша ипотекалық заем алу.
  7. Homebank-те кез келген төлем жүргізу:
  8. Төлемнің ең аз сомасы – 1 000 теңге
  9. Төлемдердің ең аз саны – әр айдың (қараша, желтоқсан) 20-ына дейін 1 төлем.

Пәтер ұтып алудың бірегей мүмкіндігін пайдаланыңыз – «Halyk Bankтан ай сайын пәтердің ұтыс ойыны» акциясы бойынша кредит алыңыз, Homebank-те қызметтердің төлемақысын жүргізіңіз және Алматының беделді ауданында орналасқан «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер ұтып алыңыз!

Акция талаптарына сай кредитті ертерек алып, Homebank-те қызметтердің төлемақысын жүргізген сайын Сіздің Алматыдан пәтер ұтып алу мүмкіндігіңіз көбірек болады.

Акция жөнінде барлық соңғы жаңалық Halyk Bank-тің Instagram-дағы (@halykbank.kz), Facebook-тағы аккаунттарында. Акция туралы соңғы жаңалықтардан құлағдар болып, ұтыс ойыны өткізілетін күнді және ойын нәтижелерін біліп отыру үшін ресми аккаунттарға жазылыңыз.

* Ұтыс ойынына қатыспайтындар:

  • Halyk Bank қызметкерлері
  • Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар
  • Осы ұтыс ойынының аясында пәтер ұтып алған клиенттер
  • Ұтыс ойынын өткізу үшін тізімдер жасалатын күні:
    • Ұтыс ойынына қатысатын кредиттер бойынша мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеу жүргізген клиенттер
    • Ұтыс ойынына қатысатын кредиттер бойынша мерзімін кешіктірген клиенттер
    • Банктегі кез келген кредиті бойынша мерзімін кешіктіріп отырған клиенттер

0

Пікір қалдыру