Kyzylorda-news.kz  Президент Қасым Жомарт Кемелұлының наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралардың жоспары аясында және «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ құрылғанына 60 жыл толуына орай ағымдағы жылдың 19 наурызында Қызылорда облысы көлемінде 600 түп жеміс, терек, сыр талын отырғызды. 

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу – маңызды істердің бірі. Қазақ әуел бастан Наурыз мерекесіне ерекше даярланған. Көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ ауланы, тоғайлар маңын тазалап, ағаштардың түбін әктеп, күтім жасаған. 

Наурыз–мезгілдің, жылдың жаңаратын уақыты ғана емес, адамның да жан дүниесін тазартатын, не тындырдым деп өткен жылға қайырыла қарайтын тұс. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласты оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз. 

Бұл акцияны өткізудегі негізгі мақсат - экологиялық ахуалды жақсарту, шаһарымызды көгелдандыру, білім ошақтарының айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, гүлдендіру болып табылады. Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді тигізу үшін сенбіліктер өткізіп, ауламыздың, қаламыздың аумағын тазартып, абаттандырып, жасыл желектер отырғызып, шырайын әрлендіре түсуіміз керек.

Тағы да оқыңыз: