Kyzylorda-news.kz. Халық даналығында «су – тіршілік көзі» деген тағылымы мол тәмсіл бар. Халқымыз осы мағынасы терең тәмсілді текке айтпаса керек. Адам да, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтыны хақ. Су – біздің өміріміз бен денсаулығымыздың қайнар көзі, тіршілік нәрі.
Ел басшысы тұрғындар үшін ең бірінші қажеттіліктердің шешілуі маңызды екенін әркез айтып келеді. Күнделікті тұрмыс қажеттіліктерінің қатарында су, энергетика сияқты мәселелер бар.
Аудан тұрғындары көтеріп жүрген мәселелер негізінде ауызсу құбырларына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тозған су құбырларын жөндеу жұмыстары былтырдан бері қолға алынған еді. Облыс әкімінің тікелей бақылауымен жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді.
Маңызды әрі ауқымды жұмыстар биыл да өз жалғасын таппақ. Биыл Тереңөзек кентінің А.Құнанбаев, Жамбыл, Жеңістің 50 жылдығы, А.Әлиакбаров, Ғ.Мұратбаев, Ш.Құндызбаев, О.Абдулпаттаев, Тоғанас батыр, Қазақ, И.Тоқтыбаев көшелері бойындағы су құбыры желісінің құрылысына байланысты тиісті жұмыстар жүргізу жоспарлануда.Жаңарту жұмыстары жалғасын таппақ
Халық даналығында «су – тіршілік көзі» деген тағылымы мол тәмсіл бар. Халқымыз осы мағынасы терең тәмсілді текке айтпаса керек. Адам да, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтыны хақ. Су – біздің өміріміз бен денсаулығымыздың қайнар көзі, тіршілік нәрі.
Ел басшысы тұрғындар үшін ең бірінші қажеттіліктердің шешілуі маңызды екенін әркез айтып келеді. Күнделікті тұрмыс қажеттіліктерінің қатарында су, энергетика сияқты мәселелер бар.
Аудан тұрғындары көтеріп жүрген мәселелер негізінде ауызсу құбырларына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тозған су құбырларын жөндеу жұмыстары былтырдан бері қолға алынған еді. Облыс әкімінің тікелей бақылауымен жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді.
Маңызды әрі ауқымды жұмыстар биыл да өз жалғасын таппақ. Биыл Тереңөзек кентінің А.Құнанбаев, Жамбыл, Жеңістің 50 жылдығы, А.Әлиакбаров, Ғ.Мұратбаев, Ш.Құндызбаев, О.Абдулпаттаев, Тоғанас батыр, Қазақ, И.Тоқтыбаев көшелері бойындағы су құбыры желісінің құрылысына байланысты тиісті жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
– Құны 56,7 млн теңгені құрайтын жобаның Шаған ауылындағы А.Құнанбаев, Р.Оразғалиева көшелері бойындағы су құбыры мен көру құдықтарының құрылысы да аяқталды. Сондай-ақ құны 178,9 млн теңгені құрайтын Шаған ауылындағы Ғ.Мұратбаев, А.Иманов және А.Иманов жолақ көшелері бойындағы су құбыры мен көру құдықтары құрылысы бойынша қазір құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылға жоспарланған жұмыстар толығымен аяқталды. Қазіргі кезде 3073 метрге су құбыры жүргізіліп тұр. 40 су құбырын көру құдықтары орнатылды. Негізі бұл нысан 2024 жылға өтпелі. Қоғалыкөл ауылындағы М.Есмахов, А.Тлеулиева көшелері бойындағы су құбыры мен көру құдықтарының құрылысына 95,2 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жобаға сәйкес 4089 метрге су құбыры жүргізілді. 32 су құбырын көру құдықтары орнатылды. Тереңөзек кентінің Ғ.Мұратбаев, Ш.Құндызбаев, О.Әбілпаттаев, Тоғанас батыр, Қазақ, И.Тоқтыбаев көшелері бойындағы су құбыры желісінің құрылысына 2023 жылға 101,6 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі. Мұнан бөлек кенттің А.Құнанбаев, Жамбыл, Жеңістің 50 жылдығы, А.Әлиакбаров көшелері бойындағы су құбыры желісінің құрылысына 2023 жылға 76,0 млн теңге бөлініп, қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысан да 2024 жылға өтпелі, – дейді аудан әкімі жыл қорытындысы бойынша берген сұхбатында.
Сонымен қоса Шаған ауылынан Ғ.Мұратбаев, А.Иманов және А.Иманов жолақ көшелерінің және Аманкелді ауылындағы Ж.Құлымбетов, А.Ақайдаров, А.Жанкин көшелерінің ауызсу құбырларын жаңартуға қатысты жұмыстар жүргізілетінін де айта кету керек.