Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған аудандық «КазСушар» өндірістік учаскесімен бірлесе отырып ағымдағы жылдың 27 наурыз-10 сәуір аралығында ауылдық округтер бойынша ақ егістерді суару (жоңышқа, бидай) графигі бекітілген. Негізгі дақыл күріш егу жұмыстарын сәуір айының 18-нен мамыр айының 22-не дейін, суға бастыру жұмыстарын 25-ші мамырға дейін толық аяқтау бойынша күріш егу және суға бастырудың 5 күндік графигі бекітілген.
2023 жылы су нысандарын тазалау жұмыстары бойынша атқарылатын шаралары қандай? Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы атқарылып жатқан іс-шаралар Қыркеңсе ауылдық округіндегі «ОК-1-3» су қашыртқысына 59,5 млн теңге және Байкенже ауылдық округінен «Дөңбай» каналына 23,7 млн теңге тазалау жұмыстарына бөлінген. Бүгінде осы каналдарға «Табиғат» МКК-мен мемлекеттік сатып алу заңдылығы бойынша тазалау жұмыстарын жүргізу үшін келісім шарттар жасалуда.
«Су шаруашылығы жұмыстарын жүргізудің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен М.Нәлібаев ауылдық ок-ругіндегі «К-2-6-1» су қашыртқысына 1,134 млн теңге, «К-2-6-2-1» су қашыртқысына 0,96 млн теңге, Аққорған ауылдық округіндегі «Р-16-2-1» каналына 1,2 млн теңге, «Р-16-2» каналына 1,16 млн теңге қаражат бөлінді. Бүгінде аудан бойынша 195 км құрайтын жалпы су каналдарынан 115 шақырымы тазаланып 59 пайызға орындалса, ал биылғы егілетін 8346 гектар күріштік алқаптарға баратын каналдардың тазалану барысын зерделеу кезінде ең қажетті деп табылатын 51 шақырым ұзындықтағы каналдарға тазалау жұмыстары жүргізілмеуде. Бұл атқарылмаған жұмыстардың негізінде өз кезегінде тиісті округтер бойынша күріш дақылының көлемі қысқартылатын болады» дейді бас аграном.
Жауапты маман атап айтқандай, Аққорған ауылдық округіндегі Р-11 каналы бойынан 41 шақырым және Қожакент ауылдық округіндегі Р-13, Р-18, Р-15 каналдарынан 4,7 шақырым, Өзгент және М. Нәлібаев ауылдық округтерінен Р-21-ден 1, Р-26-дан 2,5 және Р-24-тен 3,2 ша-қырымы тазаланбаған. Бұл ауылдық округтерге ішкі каналдарды тазалау жөнінде аудан әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаевтың қолымен бірнеше рет хат жолданғанымен ауыл әкімдері өз дәрежесінде орындамаған. Сонымен қатар аудандық су шаруашылығымен бірлесіп биылғы Сырдария өзенінің төменгі ағысына түсіп жатқан мол суды тиімді пайдалану жөнінде ауылдық округтерге түсіндірме жұмыстары наурыз айының басынан жүргізілгенімен осы каналдарды тазалау жұмыстарының салғырттығынан ақ егіске су алу науқаны кешеуілдеді. Егер алдағы 10 күндікте 15-сәуірге дейінгі мерзімде канал тазалау жұмыстарындағы олқылықтар орнына келтірілмесе күріш дақылын суға бастыру кезеңін кешіктіретін болады дейді сала маманы.