Kyzylorda-news.kz. Жалағаш кентіндегі «Агрохимсервис-С» ЖШС-нің тыңайтқыштар және құрамында азот бар құрамаларды өңдеу зауыты Қызылорда облысындағы шаруашылықтардың 80-90 пайызға жуығын тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Зауыттың жалпы құны 400 млн теңгені құрайды. Аталмыш өндіріс орнының жалпы қуаттылығы 120 тонна болса, қазіргі таңда 70-80 тонна өнім өндіріп шығаруда. Сонымен қатар, 22 адамды жұмыспен қамтыған. Олардың басым бөлігі аудан тұрғындары.

Айта кету керек, облыс көлемінде көктемгі егіс науқанында ауыл шаруашылығы бағытындағы шаруа қожалықтарды тыңайтқышпен қамтамасыз ететін болғандықтан төтенше жағдай кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілген. Арнайы көлікпен тыңайтқыштар шаруашылықтарға тасымалдануда.

Тағы да оқыңыз: