Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданы, Таң ауылында өткен жылы «Агро Лидер Таң» ЖШС бастамасымен «TAN–FOOD» ет өңдеу цехы іске қосылды. Жоба құны 144 млн теңгені құрады, оның 87 млн теңгесі серіктестіктің жеке қаражаты есебінен, ал 57 млн теңгесі «Байқоныр ӘКК» АҚ арқылы қаржыландырылды. Бүгінде ет өңдеу цехы 8 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

«TAN-FOOD» ет өңдеу цехы тәулігіне үш бас ірі қара етін өңдеп, одан 15 түрлі тағам әзірлеп, аудандағы және облыс орталығындағы бірқатар сауда орындарын қамтамасыз етіп отыр.

Айта кетейік, «Бір асым етке» лайықталған, салмағы 3 келі (баспақ еті, жылқы қазысы, қой құйрығы) өнімнің бағасы 7 мың теңге болса, сыйлы қонаққа ұсынатын «Сыбағаның» бағасы – 8 мың теңге. Бұл – бір табаққа шақталып, жылқы етінен жасақталған даяр өнім. Сол күйі қазанға сала бересіз. Сыйлы қонақ келсе, сыбағасы дайын. Сонымен қатар, цехта өндірілген жылқы еті 2200 теңге, сиыр еті 2000 теңгеден сатылады. Оған қоса, өкпе-бауыр, фарш, манты, әсіп, тұшпара, котлет, тефтели сияқты өнім түрлері де қолайлы бағада сатылып, тұрғындар сұранысын қанағаттандырып отыр.

Тағы да оқыңыз: