Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз бюджетке деген көзқарасымызды түбегейлі өзгертуіміз керек» деп баса айтқан болатын. Әрине, мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі – мемлекеттік бюджет.

Биыл 10 айдың қорытындысымен Жалағаш ауданына қарасты кент, ауылдық округтердің жылға арналған қаржыландыру жоспарларына қайта есептеу жүргізілген. Нәтижесінде кірістер болжамының орындалмау қаупі туындауынан жеке тұлғалардың көлік салығы 5 млн 247 мың теңгеге қысқартылыпты. Мұндай жағдайда сәйкесінше шығыстары да қысқартылады. Сондай-ақ, аудан бюджетінің жергілікті кірістер болжамының орындалмауына байланысты  кент, ауылдық округтердің субвенциясы 16 млн 037 мың теңгеге  қысқартылады. Ал аудан бюджетінен кент, ауылдық округтерге бөлінген трансферттерден 240 мың теңге қысқартылады екен. Жалағаш аудандық мәслихаттың кезектен тыс 27 сессиясында аудандық экономика және бөджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханова осылай деді.

Халық қалаулылары бас қосқан жиында қос мәселе қаралғанымен негізгісі осы болды. Жиында Жұпар Хамитқызы алдымен 2022-2024 жылдарға арналған кент пен ауылдық округтер бюджеті туралы жергілікті мәслихаттың өткен жылдың аяғында шығарған шешімдеріне өзгеріс енгізу қажеттігін халық қалаулыларының қаперіне салды.  

Баяндамашының сөзінше, кент, ауылдық округтердің  бюджеттерін  нақтылауға бірқатар бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен 12 млн 370,1 мың теңге қысқартылып,  сәйкесінше бюджеттік бағдарламаларға қайта бағыттау көзделген. Бағытталатын қаржыларға келсек, кент  әкімі аппаратының ағымдағы шығындарына 3 млн 854 мың теңге, оның ішінде 1 млн 573 мың теңге ішкі саясат бөлімінің үш қарауыл штат бірлігі кент әкімі аппаратына ауыстырылуына байлнынысты еңбекақы мен төлемдеріне бағытталады. Ал тиісті қаражаттың жылу маусымында сұйык отын алуға 1 млн 850 мың теңгесі бағытталады. Сондай-ақ мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсетуге арналған бюджеттік бағдарлама аясында олардың еңбекақы мен төлемдеріне 280 мың теңге қарау көзделген. 

Жалағаш ауданындағы ауылдық округтерге келсек, Аққұм ауылдық округі бойынша аппараттың ағымдағы шығындарына 400 мың теңге бағытталады. Ал Аламесек ауылдық округі бойынша аппарттың ағымдағы  шығыстарына  1005,1 мың теңге қайта бағытталады. 

Аудан іргесіндегі Ақсу  ауылдық округі бойынша да аппараттың ағымдағы  шығыстарына  984 мың теңге теңге қайта бағыттау көзделуде. Оның тиісті бөлігі, яғни 213 мың теңгесі «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бюджеттік бағдарламасына бағытталса, қалғаны ауылдық клубқа қосымша штат бірліктің еңбекақы мен төлемдеріне негізделеді.

Бұқарбай батыр ауылдық округі бойынша аппарттың ағымдағы  шығыстарына 564 мың теңге қаралса, Жаңадария   ауылдық округінде аппарттың ағымдағы  шығыстарына 466,9 мың теңге қайта бағыттау көзделген. Ал Қаракеткен   ауылдық округі бойынша «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасына  130 мың теңге қайта бағыттау қажет екен.

Бөлім басшысы мұнан бөлек М.Шәменов  ауылдық округі бойынша аппарттың ағымдағы  шығыстарына 935,0 мың теңге Мәдениет ауылдық округі бойынша 153 мың теңге, Еңбек  ауылдық округі бойынша «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасына  900  мың теңге, Мақпалкөл ауылдық округі бойынша «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасына 250 мың теңге, «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасына  163 мың теңге, Мырзабай ахун  ауылдық округі бойынша аппараттың ағымдағы шығындарына 498 мың теңге, «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасына  34  мың теңге, Таң ауылдық округі бойынша аппарттың ағымдағы  шығыстарына 431,1 мың теңге қайта бағыттау көзделіпті. 

10 айдың қорытындысын саралап, алдағы уақытта кент және ауылдық округтер бойынша аппараттың ағымдағы шығыстарына қайта бағытталатын қаражаттарды кеңінен тарқатқан Жұпар Хамитқызы халық қалаулыраның да бірқатар сауалына жауап берді. Сондай-ақ оның сессияның күн тәртібінде көтерген мәселесі депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. 

Сессия отырысында мұнан кейін жергілікті мәслихат депутаттары «Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Жалағаш  аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы  №22-6 шешіміне өзгеріс енгізу жайын талқылады. Шешімге енгілетін өзгеріс жайында хабарлаған аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ғалым Жанашевтың да ұсынысы депутаттар тарапынан қолдауға ие болды. Сессия отырысында Ғалым Жанашев тағы бір мәселені халық қалаулыларының алдында ортаға салған болатын. Оның «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  мәселелері  жөніндегі аудандық комиссия  құрамын  бекіту туралы» Жалағаш  аудандық  мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы №22-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсынысы да қолдау тапты.

Басқосуда соңғы қаралған мәселе «Жалағаш аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту болды. Бұл туралы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.Сарбалаев баяндады. Депутаттар аппарат басшысының да бұл ұсынысын бірауыздан қолдады. 
 

299857328_1516713008780772_6705803862826851412_n.jpg

Тағы да оқыңыз: