Фото: Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Kyzylorda-news.kz. Түрік-неміс компаниясы қала әкімдігімен әріптестік қатынас орнатуға ниетті. Бүгін «Торкам» холдингтің өкілдері шаһар басшысы Асылбек Шаменовпен кездесті.
Кездесуде холдингтің директоры Дурмаз Адил Қызылорда қаласында арендалық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салуға мүдделі екендігін жеткізді. Бұл компанияның Түркия, Германия, Нидерланды, Болгария, Алжир, Люксембург және Конго Демократиялық Республикасында шамамен 5000 адамнан тұратын командасы бар. Құрылыс саласында күрделі жобаларды жүзеге асыруда.
Әлеуеті зор холдингтің ұсыныстарына қала әкімдігі тарапынан қолдау жасалады. Салынатын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жер бөлініп, қажетті инфрақұрылым жеткізіледі. Ең басты талап – құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылуы керек деді шаһар басшысы Асылбек Өмірбекұлы. Әзірге ұсынылған жоба мамандармен жан-жақты зерттеледі.