Kyzylorda-news.kz. Қазіргі уақытта кент орталығына көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында  ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Тереңөзек кентіне қарасты Аманкелді Иманов көшесіне  «Жасыл белдеу» жұмыстары жүргізілуде. Аталған аумаққа тал көшеттері отырғызылып, екі жағының шарбақтары жаңаланатын болады. Қазіргі таңда шарбақтармен толықтай қоршалану жұмыстары жүргізілу үстінде.

Сонымен қатар, негізгі  жұмыстар «Қызылорда-Жалағаш» автожолы бойындағы «Рассойл» АЗС - «Кіші қалған» каналы аралығындада жүргізілетіні мәлім.  Жалпы ұзындығы - 750 метр құрайтын жерге тегістеу, арық қазу жұмыстары қарқын алды. Алдағы уақытта трубалары салынып, көшет отырғызылатын болатындығын жеткіземіз.

 Тереңөзек кентіндегі «Майжарма каналын абаттандыру» жұмыстары жүзеге асуда. Жоба құны  155714,6 теңгені құрайды. Мердігер мекеме- Град сервис строй болып табылады. Осы күні Канал іші тазаланып, артық құмдары шығарылып, каналдың екі жақ бетін тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 Бюджеттен 132 981 201 теңге қаржы бөлініп И.Тоқтыбаев көшесін орташа жөндеу, оның ішінде тротуар мен темір бетонды лоток орнату жұмыстары атқарылуда. Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың маусым айына аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі күнге Қ.Қазантаев көшесінің қиылысына дейінгі екі жақ бетіне темір бетонды лоток пен бордюрлар толықтай орнатылды.  Жаяу жүргіншілер жолына толықтай асфальт төселінді. Кент көшелеріндегі электр желілеріне кедергісін келтіріп тұрған ағаштарды бұтау, балақтау, сонымен қатар бұталған шыбықтардан тазарту жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, Ә.Тәжібаев, Абай,  Қ.Қазантаев, А.Иманов, Алшынбаев, 1 Мамыр, Қазақ, А.Әлиакбаров көшелеріндегі ағаштар 4 метр биіктіктен балақталды. Тереңөзек кентінде абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту, көгалдандыру жұмыстарын оңтайландыру мақсатында сенбіліктер ұйымдастырылып отыр. Сенбілікте арықтар тазаланып, күл-қоқыстар шығарылып, талдар әктеу, арам шөптерді шабу жұмыстары жүргізіледі. Жылдың басынан төрт сенбілік өткізіліп,  көшеттер отырғызылды.  Кент ішіндегі тазалық жұмыстары күнделікті жүргізілуде.  А.Иманов көшесіндегі талдар әктеліп, бордюрлар жанадан әрлеу жұмыстары жүргізілді. «Әйтек»,  «Майжарма», «Айтбай арық» каналының көпіріне қоқыстан тазарту және әктеліп, көпірдің тұғыры жуылды. Кенттегі барлық билборд тұғырларының айналасы тазаланып, әктеу жұмыстары жүргізілді.
 

Тағы да оқыңыз: