Kyzylorda-news.kz  Бүгін «AMANAT» партиясының алаңында филиал төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы теміржол саласының мамандарымен кездесті.
Жиын барысында өндіріс озаттары жоғары кәсібилігі, мінсіз еңбегі және теміржол саласын дамытуға қосқан үлестері үшін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының алғыс хаттарымен марапаталды.

«Біз теміржол саласы мамандарын мемлекетіміз бен «AMANAT» партиясының негізгі бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін белсенді орындаушы азаматтар ретінде құрметтейміз. Сіздер арқылы бір жағынан елдің экономикасы мен өнеркәсібі дамып жатса, екінші жағынан жол қатынасы жақсарып, азаматтарымыздың сапарлары сәтімен жүруде. Бұл Сіздердің темірдей тәртіпке негізделген жауапты саладағы күнделікті уақытпен санаспай, үлкен шыдамдылық пен табанды еңбектеріңіздің жемісі деп білеміз»-деді төраға Алмасбек Есмаханов.

Қазіргі таңда облыста теміржол саласында 4 мыңға жуық адам қызмет атқарса, оның жартысынан астамы «AMANAT» партиясының мүшелері.

Тағы да оқыңыз: