Kyzylorda-news.kz   Қоршаған ортаның, туған өлкеміздің тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың, әр тұрғынның міндеті.

Аудан бойынша жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысын аудан әкімі Берік Сәрменбаев аралады. Аудан басшысы көркейту-көгалдандыру жұмыстарының жүргізілуін, көшелердегі санитарлық тазалықтың сақталуын, су жолдарының таза болуын, ағаштарға балақтау, әктеу жұмыстары жүргізілу керектігін атап көрсетті.

– Күннен күнге Тереңөзек кентінің аумағы кеңейіп, жергілікті тұрғындар қоныстануда. Шын мәнінде,  Аудан орталығының тазалығын жіті бақылауыма алып, сала мамандарына жан-жақты жұмысты жетілдіруге  тапсырма беріп келемін. Қақіргі уақытта ауңдан тұрғындары тазалық айлығына белсене қатысып, айналаны күл-қоқыстан арылтып келеді. Сонымен қатар аудан орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлер абаттандырылуда. Әрбір мекеме басшысы көше бойында орналасқан ғимарат ауласын таза ұстауға міндетті. Қашанда тазалық мәдениетін қалыптастырып, эколологиялық акцияларға қатысуға аудан тұрғындарын шақырамын, – деді аудан басшысы.

Аудан көлемінде жүргізілген тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Сондай-ақ тал егу жұмыстары жүргізілді.

fee5a8b0-30e2-4b63-ad3e-0f70ecce534e.jpg

Фото: halyqline.kz

Тағы да оқыңыз: