Kyzylorda-news.kz. Сырдарияда бүгінде егін науқаны қыза түсіт. Ерте көктемде егіс алқаптарында басталған қауырт тірлік алдағы жылы мол өнім алудың кепілі. 

Диқаншы қауым жаз бойы жерге себілген әрбір дәнді мәпелеп, баптап, суғарып, күтімін жасайды. Таңәлейкүмнен бел жазбастан қара жұмыстың бел ортасында жүретін шаруа иесі күн ұясына батқанша қара жұмыстың көрігін қыздырады.

Биылғы жылы аудан бойынша жалпы 33963 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленді. Бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы құрылымдарында 33656 гектар егілді.

– Аудандағы ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шаруа қожалықтары межелеген барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жұмыстарын аяқтады. Оның ішінде, негізгі дақыл күріш – 21885 гектар, 180 гектар – мақсары, 1683 гектар – жаздық бидай, 15 гектар – арпа, 1828 гектар – жаңа жоңышқа, 410 гектар – картоп, 221 гектар – көкөніс, 363 гектар – бақша дақылдары орналастырылып, 7071 гектар – ескі жоңышқа күтімге алынды.
Диқаншы қауымдардың арасында бақша дақылдарын егуге ниет еткендерге жер учаскелері берілді. Сонымен қатар ауданда бірнеше ауылдарда жастар бридалары жұмысын белсенді бастап кетті. Жастар бридасының жұмысы жұмыссыз жүрген жастарға үлгі болса дейміз. Мемлекет тарапынан егстік жерлердің күтіміне қажетті барлық құралдармен қамтамасыз етілді. Суғару үшін су айдайтын насос пен қажетті жанар-жағар маймен де қамтамасыз етілді. Бұл аудан басшысының жастарды қолдауға бағытталған іс-шаралардың бірі. Негізінен аудан басшысы тұрғындар тарапынан болсын, жастар мәселесі болсын барлығына тиісінше қолдау білідіріп, мәселенің оң шешілуіне жағдай жасайды. Сондықтан жастар бригадасының күзде алатын өнімі молынан болсын деген тілектеміз. Уақытылы күтімін жасайтын диқаншы жастар несібесін Жер-анадан алатын болады, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбол Жұмабеков. 

Айту керек, осы күні Сырдарияда негізгі дақыл күріштің 21885 гектары 100 пайыз егіліп, толығымен суға бастырылды.
 

Тағы да оқыңыз: