Kyzylorda-news.kz  Сырдария аудандық мәдениет үйінде Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының көшпелі алқа отырысы өтті.

Алқа мәжілісіне басқармасы басшысы Мира Қазбекова төрағалық жасап, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Димаш Байдушев және сала мамандары қатысты. 

Сырдария ауданының халқына 34 мәдениет мекемелері қызмет көрсетуде. Атап айтқанда, 16 мәдениет үйлері мен клубтар –аудандық мәдениет үйі, кент мәдениет үйі, кент клубы, 5 ауылдық мәдениет үйлері, 8 ауылдық клубтар. 1 жылжымалы мәдени – демалыс кешені – автоклуб. Ауданда 17 кітапхана – аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, №1 филиал кітапханасы және 14 ауылдық кітапханалары жұмыс істейді.

Сонымен қатар, 14 Халықтық ұжым бар. 2 халық театры, «Құрақтың Досжаны» атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, «Садуақасовтар», «Сарыбаевтар» отбасылық ансамбльдері, Ритм ВАА, «Балауса», «Шаттық», «Сыр гүлі» би ансамбльдері,  «Жадыра», «Жан шуақты», «Ақ дариға» әжелер ансамбльдері, «Дала дидары» мәдени-үгіт бригадасы және «Көңілашар» ойын-сауық отауы.
Ауданның мәдениет саласында 102 үйірме бар, оған 1689 өнерпаз қатысады. Мәдениет үйлері мен клубтар бойынша биылғы жылы 553 мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, 60249 көрермен қамтылды. 

– 2024 жылдың  5 ай қорытындысы бойынша ақылы қызметтің жоспары 5682,0 мың теңге болса, орындалғаны 5757,5 мың теңге. 
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 17 кітапхана жұмыс жасайды. 17 кітапханада 437095 кітап қоры бар, барлығы да электронды катологқа енгізілген. Есепті кезеңге кітапханаға 290 дана кітап алынды. 2024 жылдың 5 айында кітапханалар жүйесінде 423 түрлі бағытта мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аудан бойынша 58 тарихи-мәдени ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде  4-і республикалық маңызы бар. Мүлкалан кесенесі, ХҮІ ғ., Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғ. Асанас кесенесі, ХҮІІ ғ. Қожан қожа кесенесі, ХҮІІІ ғ.,14 жергілікті маңызы бар және 40 ескерткіш алдын-ала тізімге алынған. 58 ескерткіштің 15-і археологиялық, 43-і қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып бөлінеді. «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасы аясында Сырдария аудандық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары бойынша 5704,0 млн тг  «Адал адам» мәдени – тәрбие орталығы тақырыбында маңдайшалар ілінді, – дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Анар Қалдыбаева.

Күн тәртібі бойынша Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарындағы мәдениет үйлері мен клубтарда «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының жүзеге асырылуы және жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысымен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының басшысы Жанат Құрамысова және кітапхана саласына жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы туралы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы басшысының орынбасары А.Жанғабылова баяндама жасады. 
Көшпелі алқа отырысы барысында басқарма басшысы берілген тапсырмалар дер кезінде орындалуын қатаң қадағалауға алуды тапсырды.

Тағы да оқыңыз: