Kyzylorda-news.kz Бүгін Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Сәкен Сейфуллин ауылындағы кварталішілік газ тарату желілері құрылысының жұмыстарымен танысты.
Аудан орталығына жақын орналасқан Сәкен Сейфуллин елді мекенін газдандыруға өткен жылдың аяғында облыстық бюджеттен 20 млн. теңге бөлініп, жұмыстар бастау алған болатын. Осы орайда биыл облыстық және республикалық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, газ құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аудан басшысына мердігер мекеме – «АЭS and Limited» ЖШС-нің өкілі атқарылып жатқан жұмыстарды айтты. Бүгінде жобада қаралған жұмыстардың 65 пайызы орындалған.
Айта кетейік, ауданған қарасты Асқар Тоқмағамбетов елді мекенінде де газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ауылда да «АЭS and Limited» ЖШС 70 пайыз жұмысты аяқтаған.
Сонымен қатар, Берік Әбдіғаппарұлы елді мекендерді газдандыру маңызды екенін, тұрғындар асыға күтіп отырғанын атап, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін ескертті. Тиісті сала басшыларына күнделікті бақылауда ұстап, құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, мерзімінде аяқтау жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.