Kyzylorda-news.kz  "Көктемнің бір күні жылға азық" демекші жер тоңы жібісімен диқандар кетпенін сайлап, егістік далаға бет алатыны белгілі. Бұл мезгілде егіншілер қарбаласқа түсіп, егін егуге жерді дайындайды. Алқапта еңбек қызып, мол өнімнен үмітті жандар қарбаласқа түседі.

Сырдария ауданында 2024 жылы вегетациялық кезеңде аудан бойынша жалпы 32829 гектар ауылшаруашылық дақылдарын орналастыру межеленіп отыр. Оның ішінде негізгі дақыл – күріш 20451 гектар орналастырмақ. Одан кейін осы жылы жаздық бидай 2547 гектар, арпа 40 гектар, мақсары 90 гектар, күнбағыс 100 гектар, сүрлемдік жүгері 100 гектар, картоп 510 гектар, көкөніс 242 гектар, бақша дақылдары 425 гектар жерге егілмек. Сонымен қатар мал азығындық жаңа жоңышқа 1824 гектар және ескі жоңышқа 6500 гектарды құрайды.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы құрылымдарында жалпы – 2805 гектар егіс егілді. Атап айтар болсақ, 1691 га жаздық бидай, 40 га арпа, 30 га мақсары, 1044 га жаңа жоңышқа орналастырылды.
Биылғы жылдың күріш егісіне қажетті 10320 тонна минералдық тыңайтқыштар толық сатып алынды.
Көктемгі дала жұмыстарына жүргізуге барлығы – 780 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда. Оның ішінде: 376 трактор, 196 трактор тіркемесі, 98 соқа, 47 дән сепкіш, 63 жүк көліктері. 
Бір сөзбен айтқанда, жылдағыдай аудандағы шаруашылық құрылымдары көктемгі дала жұмыстарына тыңғылықты дайындалуда.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: