Kyzylorda-news.kz Бұл жайында аудандық ветеринариялық станцияның басшысы Нұрлыбек Дәулетбаев хабарлады.

Нұрлыбек Ахметұлы алдымен аудан бойынша ветеринария саласының 2024 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстарға тоқталды.    

– 2024 жылы «Эпизоотияға қарсы іс-шараларға» аудан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларына арналған 14 түрлі індетке қарсы ветеринариялық-профилактикалық шаралар жоспары бекітілді. 2024 жылдың 5 айына жоспарланған көрсеткішпен алғанда ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар орындалып, жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар, сарып індетінің таралуына тосқауыл қою мақсатында ауырған жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру бойынша облыстық ветеринария басқармасы мен мал сою және қайта өңдеу бекеті Түркістан облысындағы «ДС и Братя» ЖШС-і арасында келісім-меморандум жасалынды.

Ағымдағы жылдың 5 айында диагностикалық зерттеулер барысында сарып ауруына барлығы 2 бас оң нәтиже (А.Тоқмағанбетов) анықталып, ветеринариялық -санитариялық талаптарға сай қайта өңдеу кәсіпорнына өткізілді, – деді бөлім басшысы.

Одан әрі бөлім басышысы Энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шаралар туралы мәлімет берді.

Ауыл шаруашылығы жануарларын энзоотиялық ауруларына қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізу мақсатында 6 түрлі (тейлериоз-13000, сақау-7200, бауыр құрт-10200, қатпа-600, гастрофилез-3500, пироплазмоз-7000) ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітіліп, қажетті ветеринариялық препараттар жеткізілді.

2024 жылдың 5 айында 2000 бас жылқы сақау (мыт), 600 бас түйе қатпа, 2000 бас жылқы гастрофилез, 4000 бас МІҚ малы пироплазмоз ауруына қарсы егіліп, жоспарға сәйкес жұмыс жалғасуда.

Эпизоотиялық және энзоотиялық ауруларға қарсы іс шаралардың алдын алу мақсатында бөлінген ветеринариялық препараттардың босаған құтыларын (флакон, щприц, ине) «Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес жеке кәсіпкер «Темирлан» жоюға тапсырылуда.

– Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша тоқталсақ, ҚР АШМ 2015 жылғы 30 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» № 7-1/68 бұйрығына сәйкес, 2024 жылға барлығы 10000 бас МІҚ, 10000 бас уақ мал, 4000 бас жылқы, 100 бас түйе, 50 бас шошқа бірдейлендіру жоспары бекітіліп, қазіргі таңда 4809 (48 %) бас МІҚ, 9289 (93 %) бас уақ мал, 4609 (115 %)  бас жылқы, 164 (164 %) бас түйе, 37 (74 %) бас шошқа бірдейлендіріліп, жұмыс жалғасуда.

  Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор жүйесіне МІҚ, Уақ малдары 3 айлық жасқа дейін, ал жылқы малы 1 жасқа дейін тіркеуге мүмкіндік береді. Қалған жасы асқан ересек жануарларды дерекқор жүйесіне тіркелмейді.

  Осыған орай, «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» деректер базасында «Жасыл дәліз» функциясын ашу мақсатында, аудан көлемінде түрлі себептермен бұрын тіркелмеген, есепке алынбаған ересек ауыл шаруашылық жануарлардың есебі жинақталып, қазіргі таңда, аудан бойынша бұрын тіркелмеген 3844 бас (263 бас МІҚ, 3307 бас жылқы, 257 бас уақ малға, 17 бас түйе) ауыл шаруашылығы жануарлары есепке алынып, жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жұмыстар негізінде бұрын тіркелмеген, есепке алынбаған ересек ауыл шаруашылық жануарлардың иелеріне өз атына тіркеп алу мүмкіндігі берілді.

Қазіргі таңда, аудан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасында 43410 бас МІҚ, 35168 бас уақ мал, 27658 бас жылқы, 1746 бас түйе, 109 бас шошқа тіркеуде тұрғандығын хабарлаймын.

Сонымен қатар, Сырдария ауданы бойынша 2024 жылы автомагистраль жанында орналасқан елді мекенде жыл басынан (Шіркейлі-8, Н.Ілиясов-24, Қалжан ахун-34, Тоқмағанбетов-47, Ақжарма-10) барлығы 123 бас МІҚ малына жарық шағылыстыратын аспалы мойындық тағылып, жұмыс жалғасуда, – деді Нұрлыбек Ахметұлы.

Одан әрі станция басшысы иесіз ит-мысықтарды аулау жұмыстарына тоқталды.

 – «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 11 бабына сәйкес үй жануарларын (ит, мысық) есепке алу чиптерді, сырғаларды, білезік немесе жағалар не шлейкалар және тағы басқа да есепке алу бұйымдарын пайдалана отырып, ақылы негізде жүргізіледі. Тек иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың үй жануарларын (ит, мысық) есепке алу тегін жүргізіледі, – деді.

 Тіркеу рәсімдерін мемлекеттік және жеке ветеринариялық қызметті атқаратын ұйымдар жүзеге асырады. Үй жануарларын (ит, мысық) тіркеу міндетті. Күшіктер мен марғаулар жаңа туылған сәттен бастан 45 күннен кейін есепке алынады. Қазіргі таңда, аудан бойынша 658 ит «ТАҢБА.KZ» платформасына тіркеліп, жұмыс жалғасуда.

– Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 15-баптың                     1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, (4) жануар (жануарлар) адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және (немесе) жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда) қазіргі таңда барлығы           226 ит, 4 мысық ауланғанын хабарлаймын, – деді Н.Дәулетбаев.

  Ветеринар мамандар ветеринариялық іс-шаралар жүргізуімен қатар ауыл тұрғындарына иелігіндегі ит-мысықтарды қағидаға сәйкес байлап ұстау жөнінде үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізуде.

Аудан бойынша 6 елді мекенде орналасқан 6 сібір жарасының ошақтары бар: Жетікөл ауылдық округіндегі «Шошқа ауыл», Қоғалыкөл ауылдық округінде орналасқан «Сары құм»,  Шіркейлі ауылдық округіндегі «Ескі коровник», Шаған ауылдық округіндегі «Ескі шаған», Ақжарма ауылдық округіндегі «Күміс қорған», О.Мәлібаев ауылындағы «Құндызды учаскесі» қазір Тереңөзек кентіне қарайды;

Сырдария ауданы бойынша (Шіркейлі, Ақжарма, Шаған, Қоғалыкөл, Жетікөл елді мекендері және Тереңөзек кентінің «Құндызды» учаскесіндегі) елді мекендеріндегі сібір жарасы ошақтарының орындары қоршалып, табаны цементпен бетондалып, белгілері (табличка) қойылып, мемлекеттік жер актісі алынған. Сонымен қатар, ауданға қарасты кент және ауылдық округтеріне ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес типтік жобадағы 14 мал көмінділерімен толық қамтамасыз етілген.

Одан әрі станция басшысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қарсы іс-шараларға тоқталды.

– 2024 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан Сырдария ауданы бойынша 11 елді мекен (Іңкәрдария, Аманкелді, Шіркейлі, Айдарлы, С.Сейфуллин, Қалжан ахун, Қоғалыккөл, Шаған, Тереңөзек (Мәлібаев елді мекені), Ақжарма, Н.Ілиясов) қолайсыз болып анықталды. Сырдария ауданы бойынша Конго-Қырым қанды безгегі ауруына қолайсыз болып есепке алынған елді мекендерде 2024 жылы көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарына 30987 бас МІҚ, 22583 бас уақ мал, 967 бас түйе  және 67 бас шошқа, 3755 қора (250540 ш/м), 180 суаттар мен шаңылақтар (130521 ш/м) өңдеуге жоспарланып, «Ақтөбе- дезинфекция» жеке медициналық мекемесі тарапынан Сырдария ауданы бойынша көктемгі маусымда 1-кезеңі 24 сәуір – 10 мамыр аралығында жүргізіліп, қазіргі таңда 2- кезең 25 мамырдан бастап – 10 маусым аралығына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, төрт түлік малдың ветеринариялық препараттармен мал иелері қаржысы есебінен  экто және эндо паразиттерге қарсы иньекциялық жолмен 5635 МІҚ, 3905 Уақ мал, 3510 жылқы, 145 бас түйеге ветеринариялық препараттар (ивен, ивермек) қолданылып, жұмыс жалғасуда.

Конго Қырым гемморагиялық қызбасы ауруларын алдын-алу, болдырмау  мақсатында көктемгі мал тоғыту кестесі бекітіліп,  үстіміздегі жылдың маусым айының 10 жұлдызынан бастап уақ малдарды тоғыту жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймын, – деді Нұрлыбек Дәулетбаев.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты бойынша 2024 жылдың 4 айында барлығы 2369 ветеринариялық анықтамалар беру қызметі мен 8069 ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіру жұмыстары жүргізілген.  

Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ

Тағы да оқыңыз: