Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында 2022 жылы құрылыс саласы бойынша атқарылған жұмыстары туралы Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Абзал Құшмырзаев арнайы сұхбат берген болатын. 

– Абзал Еркінұлы, жыл сайын ауданда құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілетіні белгілі. Қайбір жылдары жаңадан көпқабатты тұрғын үйлер салынып, ел игілігіне берілсе, өткен жылы жүзеге асқан жобаларға тоқталсаңыз?

– Ауданда республикалық бюджет есебінен тұрғын үйлер салынып, мұқтаж отбасылар көп қабатты тұрғын үйлерге қоныстанғаны белгілі. Одан басқа көпбалалы отбасыларға ыңғайлы қосарланып салынған жер үйлер пайдалануға берілді.  Бөлім бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2022 жылы барлық бюджет көздерінен 221,8 млн. теңге қаржыға 2 жобаның жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде спорт нысандары бойынша ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілді. нақты айтқанда  «Тереңөзек кентінен жаттығу және стритбол алаңы құрылысына» облыстық бюджет қаражаты есебінен 30,8 млн теңге қаржы бөлініп, «Пульс» ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, бөлінген қаржы толық игерілді. Нысан 2022 жылдың шілде айында пайдалануға берілді. Құрылысты авторлық қадағалаушы – «Шынар Проект и Компания» ЖШС, техникалық қадағалаушы –  «Әсем-Құрылыс-Қызылорда» ЖШС.
Екінші ауқымды жоба – құны 389,2 млн.теңгені құрайтын Бесарық елді мекеніндегі спорт кешені құрылысына облыстық бюджет қаражаты есебінен 2022 жылға 190,9 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «SCS Инжиниринг» ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Авторлық қадағалаушы – «Крез-Сервис» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Аймереке» ЖШС. 
Бүгінгі таңда ауыз су және кәріз су желісі, спорт кешенінің іргетас жұмыстары, қоршаудың құрылысы, электр желісінің бағаналары орнатылды. Әжетхана құрылысы, жылу қазандығының құрылысы, аумақты жабу үшін топырақтан негізді орнату бойынша жұмыстар, спорт кешенінің металл бағаналары мен арқалықтары орнатылды. 2023 жылға құрылыс-монтаждау жұмыстарына қажетті 218, 2 млн. теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылдың сәуір айында мердігер мекеме «SCS Инжиниринг» ЖШС-мен қосымша келісім шарт жасалынып, құрылыс жұмыстары жалғасын табуда. Спорт кешенін 2023 жылғы қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда.

– Ауданға қарасты кейбір елді-мекендерінде электрмен жабдықтау жұмыстары басталғаны белгілі. Бұл жоба қай ауылдарда іске асуда, тарқатып айтсаңыз?

– Ауданның Айдарлы, Аманкелді, Жетікөл, Қоғалыкөл елді мекендерінің электр бағаналары мен желілері 1974 жылы құрылған кезде орналастырылған және бүгінгі күнге дейін жаңаға ауыстыру жұмыстары жүргізілмеген. Электр тоғын тарату трансформаторлар тозуы салдарынан күз және көктем мезгілдерінде жауын-шашыннан, қар еру кезеңдерінде жиі аппатық жағдайлар орын алады.
Сондай-ақ, электр бағаналарының желілері көше бойынан емес тұрғын үйлер мен қора-жайлардың үстімен жүргізілген, талапқа сәйкес келмейді, тұрғындарға  қауіп тудыруда. Электр бағаналарының басым көпшілігі ағаш бөренелерден тұрғызылған және аталған бағаналардың түптері тозып, апаттық жағдайда тұр.
Осыған сәйкес, ауылдық округі әкімдіктерімен 2022 жылы жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы жобалар құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы (327,7 млн. теңге), Аманкелді (554,3 млн. теңге), Жетікөл (304,6 млн. теңге), Қоғалыкөл (460,9 млн.теңге) елді мекендерін электрмен жабдықтау» құрылыс жұмыстарына облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылып, 2023 жылға құрылыс-монтаждау жұмыстарына Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджет көздерінен қажетті қаржы бөлінді.
Атап айтқанда «Сырдария ауданы, Айдарлы елді мекенін электрмен жабдықтау» жұмыс жобасы бойынша жалпы сметалық құны 327,7 млн.теңге. Келісім шарт құны – 306,1 млн. теңге. Мердігер мекеме «УниверсалСтройСервис» ЖШС; Техникалық қадағалаушы «Ақбозат LTD» ЖШС; Авторлық қадағалаушы «ПСК Qabylet» ЖШС.
Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасынан құрылыс жұмыстарын бастауға 2023 жылы 27 ақпанда хабарлама алынды. Құрылыс ұзақтығы 3 ай. Бүгінгі таңда мердігер мекеме «УниверсалСтройСервис» ЖШС тарапынан 0,4 кВ - 574 дана бағана, 10 кВт – 145 дана, барлығы 719 дана темірбетонды бағаналары, 22,7 км оқшауланған электр желісі орнатылды. Құрылыс алаңында 7 адам, 3 техника уақытша жұмыспен қамтылған. 2023 жылғы 1 сәуірде 119,7 млн.теңге игерілді. Құрылыс жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес мамыр айының аяғында аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.
Екінші ауыл – «Сырдария ауданы, Жетікөл елді мекенін электрмен жабдықтау» жұмыс жобасы бойынша жалпы сметалық құны 304,6 млн. теңге. Келісім шарт құны – 285,3 млн. теңге. Мердігер мекеме «УниверсалСтройСервис» ЖШС; Техникалық қадағалаушы «Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС; Авторлық қадағалаушы «ПСК Qabylet» ЖШС. 
Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасынан құрылыс жұмыстарын бастауға.2023 жылы 27 ақпанда хабарлама алынды. Құрылыс ұзақтығы 3 ай. Мердігер мекеме «УниверсалСтройСервис» ЖШС-мен 0,4 кВ - 629 дана, 10 кВ – 177 дана, барлығы 806 дана темірбетонды бағаналары, 15,5 км оқшауланған электр желісі орнатылды  орнатылды, темірбетонды бағаналар орнатылды. Құрылыс алаңында 5 адам, 2 техника уақытша жұмыспен қамтылған. 2023 жылғы 1 сәуірде 112,2 теңге игерілді. Құрылыс жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес мамыр айының аяғында аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда. 
Үшінші елді-мекен «Сырдария ауданы, Қоғалыкөл елді мекенін электрмен жабдықтау» жұмыс жобасы бойынша жалпы сметалық құны 460,9 млн.теңге. Келісім шарт құны – 438,6 млн. теңге. Мердігер мекеме «УниверсалСтройСервис» ЖШС; Техникалық қадағалаушы «Аретмида снаб» ЖШС; Авторлық қадағалаушы КБ «МунайГазИнжиниринг» ЖШС. 
Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасынан құрылыс жұмыстарын бастауға 2023 жылы 27 ақпанда хабарлама алынды. Құрылыс ұзақтығы 5 ай. Мердігер мекеме «УниверсалСтройСервис» ЖШС-мен 0,4 кВ - 510 дана, 10 кВ   – 307 дана, барлығы 817 дана темірбетонды бағаналары, 23,9 км оқшауланған электр желісі орнатылды  орнатылды.темірбетонды бағаналар орнатылды. Құрылыс алаңында 11 адам, 3 техника уақытша жұмыспен қамтылған. 2023 жылғы 1 сәуірде 162,5 млн.теңге игерілді. Құрылыс жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес шілде айының аяғында аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.
Төртінші ауылдық округ – «Сырдария ауданы, Аманкелді елді мекенін электрмен жабдықтау» жұмыс жобасы бойынша жалпы сметалық құны 554,3 млн.теңге. Келісім шарт құны – 518,5млн. теңге. Мердігер мекеме «УниверсалСтройСервис» ЖШС; Техникалық қадағалаушы «Әсем-Құрылыс-Қызылорда» ЖШС; Авторлық қадағалаушы КБ «МунайГазИнжиниринг» ЖШС;
Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасынан құрылыс жұмыстарын бастауға 2023 жылы 28 наурызда хабарлама алынды. Құрылыс ұзақтығы 5 ай. Мердігер мекеме «УниверсалСтройСервис» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылғы 1 сәуірде 134 254,0 мың теңге игерілді. 30 % алдын ала төлем жасалынды. Құрылыс жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес тамыз айының аяғында аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.

– Сырдария ауданы облыс бойынша 100 пайыз ауыз сумен қамтылған аудандардың бірі. Дегенмен ауыз су құбыры желісінің құрылыстарына, атап айтқанда Шаған, Қоғалыкөл ауылындағы көшелерге жүргізілетін жұмыстар жайында айтсаңыз?

– «ПСК Qabylet» ЖШС-мен демеушілік есебінен «Сырдария ауданы Шаған ауылындағы 5 көше – А.Құнанбаев, Р.Оразғалиева, Ғ.Мұратбаев, А.Иманов және А.Иманов жолақ көшелеріне 235,6 млн.теңге Қоғалыкөл ауылындағы 3 көше М.Есмахов, А.Тлеулиева, Водозаборная көшелеріне 101,6 млн.теңге ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындылары алынды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы ҚР Ұлттық Экономика министрлігіне «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023 жылға республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландыруға өтінім ұсынылып, 2023 жылға құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінді. Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы құрылыс жұмыстарына ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамасына сәйкес жеңімпаз мердігер мекемелермен келісім шарт жасалынып, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

– Қарқынды дамып келе жатқан кенттің аумағы кеңейіп, жаңа шағын аудандар пайда болуда. Осы шағын аудандарының инфрақұрылымы қандай, көптің қолы жеткен газдың игілігін жаңа аудан тұрғындары көретін кез алыс емес пе?

– Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданның инфрақұрылымы – газ желілерінің құрылысы 100 гектарды құрайды. Осы жоба бойынша «Қаз Нұр жобалау-құрылыс институты» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, 2022 жылғы 28 желтоқсанда ҚР Экология, Геология және Табиғи ресурстар Министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаментінен жылы Әсерді бағалауды қамту салаларын айқындау туралы қорытынды қоршаған ортаға және мүмкіндіктерді скринингке жоспарланған қызметі алынды. Қазіргі таңда, сараптаманың оң қорытындысын алуға «Мемсараптама» РМК-да құжаттары ұсынылды. Көп ұзамай жаңа шағын ауданның тұрғындары көгілдір отынның игілігін көретін болады.

– Ауданда тұрғын үй құрылысы жұмыстары қалай жүргізілді?

– «Қызылорда облысы Сырдария ауданы Жетікөл елді мекенінде 3 бөлмелі екі тұрғын үй құрылысы» жұмыс жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына Қызылорда облысы, Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 тамыздағы №420 шешімі негізінде жергілікті бюджеттен - 500,0 мың теңге қаражат бөлінді. Жеңімпаз мердігер мекеме «Орион LTD» ЖШС-мен 2020 жылғы 02 қарашада №54 келісім шарт жасалынып, бөлінген қаржы игерілген болатын. 
Құрылыс жұмыстарын аяқтауға Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №175 шешіміне сәйкес 2023 жылға құрылыс-монтаждау жұмыстарына 27 313,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы құрылыс жұмыстарын аяқтауға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, келісім шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Негізінен ауданда тұрғын үй құрылысы жеке азаматтардың есебінен көптеп жүргізілуде. 

– Бөлім тарапынан аудан халқына мемелкеттік қызмет көрсету деңгейі қандай?

– 2022 жылы қаңтар-желтоқсан айларына 907 мемелкеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 302 қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілді. 605 «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілді. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында 287 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 46 қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілді. 241 «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілді. Сонымен қатар 2023 жылы қаңтар-наурыз айларына бөлім бойынша «www.elicense.kz» порталы арқылы 103 сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленді. Оның 13-і мұнай компаниясынан, 90-і жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалардан. 
Халыққа қызмет көрсету орталығы және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы биылғы жылға 31 («электронды үкімет» веб-порталы бойынша 51) мекен-жайын айқындау жөнінде анықтама берілді. Аталған «www.elicense.kz » порталы арқылы 71 эскиздік жобаға келісім берілді. Оның ішінде 6 кәсіпкерлік нысандар, 65 тұрғын үй құрылысы. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру бойынша 16 өтініш келіп түсті. 2023 жылы қаңтар-наурыз айларына 11 тұрғын емес үйжайлар объектілерінің  пайдалануға қабылдап алу жөніндегі актілері есепке алынды. 25 тұрғын үй бойынша пайдалануға қабылдап алу жөніндегі актілері есепке алынды.

Айту керек, бүгінгі күнге пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлер бойынша 2023 жылы қаңтар-наурыз айларына қорытындысымен 1730,2 шаршы метр болып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 107  пайызға  орындалды.

– Сұхбатыңызға рақмет!
 

Тағы да оқыңыз: