Kyzylorda-news.kz «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ директоры Болатбек Ұлтанбекұлы 2024 жылдың 5 айында мекеменің атқарылған жоспарлы жұмыстары жайлы айтып берді.

Жалпы қазіргі уақытта мекеменің штат кестесі бойынша 51 адам жұмыс жасайды. Сонымен қатар, мекемеге қарасты 236 549 га орман қоры  жері бар. Осы жерлер 13 айналымға бөлінген. Мекеменің негізгі жұмысы осы жерлерді қорғау, молайту, тиімді пайдаланумен қатар орман өртінің алдын алу болып табылады.

– 2024 жылға бөлінген қаржы 223 млн 812 мың теңгені құрайды. Осы уақытқа дейін игерілген соммасы – 109 млн 411 мың теңге. Төтенше жағдай орын алған жағдайда қатысатын 7 дана техникалар бар. Мекемеде өрт сөндірушілер 7 адам жұмыс жасайды. Өрт қауіпті маусымдарда мекеме техникаларының жанар-жағармайлары 1 тонна бензин және 1 тонна дизель толығымен шешілген. Мекемедегі орман күтушілері және өрт сөндірушілері байланыс құралдарымен (рация) қамтамасыз етілген және бұл байланыс құралдары биылғы жылы жаңаланатын болады. Өрт сөндіру УРАЛ маркалы автокөлігі 2022 жылы алынған. Өртке қауіпті маусымдарда тәулік бойы кезекшілік мекеме ғимаратында және өрт бақылау мұнарасында ұйымдастырылуда.

Биыл аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, №12 өрт сөндіру бөлімі, қоғамдық даму бөлімдерімен бірлесіп наурыз, мамыр айларында өртке қарсы бірлескен орман өртінің алдын алу оқу-тактикалық жаттығу іс-шарасы ұйымдастырылып, телеарнадан көрсетілді. Өрт қауіпті кезеңдерде орманшы инспекторларға өздеріне бекітілген орман қоры жерлерінде орман  өртінің алдын-алу және орман  өртіне жол бермеу жайлы  қатаң ескертілген. Жыл басынан бері мекемеде орман өрті тіркелген жоқ, – деді мекеме басшысы.

Орманды молықтыру бойынша мекеме қызметкерлері №9 аялдама саябағында көктемгі ағаш егу, жер жырту, жеміс ағаштарын отырғызу, саябақты тазалау, қораларды қоршау және тағы да басқа жұмыстары жүргізді.

–1 га питомниктің 0,5 га сеппе бөліміне 80 кг қарағаш пен 50 кг үйеңкі тұқымдары егілсе, 0,5 мектеп бөліміне 4000 терек, 4000 жиде, 12 000 сыр талы ағаштарының қаламшалары отырғызылды. Сәкен Сейфуллин елді мекенінің маңайынан жоспардан тыс 1 га тұқымбақ үйеңкі, қарағаш тұқымдары егілсе, терек, сыр талы, үйеңкі ағаштарының қаламшалары егілді. Сонымен қатар 2023 жылы күз айында жұмыс жоспары бойынша егілген уақытша сексеуіл тұқымбағы қоршаланды. Арал теңізінің құрғаған ұлтанында сексеуіл егу мақсатында Сырдария орман шаруашылығынан 626 мың сексеуіл көшеті берілді.

Биылғы жылы аудан көлемінде ағаш егу жұмыстары және акциялары жүргізіліп 7200 дана көшеттер мекемелер мен мектептерге  Сыр талы қарағаш, үйеңкі, терек көшет түрлері таратылды, – деді Б. Ұлтанбекұлы.

Мұнан бөлек, орман қорғау барысында браконьерлерге қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында аудандық полиция бөлімі, облыстық инспекциясымен жедел топтар құрылып, бірлескен рейдтер ұйымдастырылып, нәтижесінде барлығы 13 заң бұзушылық анықталды. Оларға ӘҚБтК-сінің №382 бабының 1 тармағымен және №372 бап, №138 бабының 1 тармақтарымен13 дана хаттама толтырылды.

– Мобильді топ арнайы байланыс құралдарымен және автокөлік, жанар-жағар маймен қамтылған. Әр елді мекендегі орманшылар ақбөкен аңын, қызыл мия тамырын, сексеуіл ағашын қорғау мақсатында халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, тиісті хаттамалар жасалды және жергілікті басылымға мақалалар берілді.

Қыс мезгілінде су айдындарында мұздарды ойып, қамыс қою арқылы балықтардың дем алуына жағдай жасау жұмыстары жүргізілді. 2024 жылға мекеме бойынша жабайы аң-құстарға биотехниялық шаралар жасап мақсатында бірінші тоқсанда орман қоры жеріне жем шашылып, есеп-санақ жұмыстары жүргізілді.

Мекемеге қарасты мемлекеттік орман қоры жерлерінде заңсыз есірткі егуге, өсіруге жол бермеу  мақсатында мекемеде қызметкерлер арасында арнайы жиналыстар өткізіліп, орман қоры жерлері жіті бақылауға алынады. Орманшылықта, учаске мастерлері және орман күтушілері айналымдарын күзету, қадағалау жұмыстарына ерекше мән беріп келеді. Бүгінгі күні мекемеге қарасты орман қоры жерлерінде есірткі алқаптары анықталған жоқ, – деді мекеме директоры.

Тағы да оқыңыз: