Kyzylorda-news.kz. Cырдария ауданында атқарылған жұмыстар мен даму көрсеткіштерінің жыл сайын әлеуеті артып келеді. Негізінен, аудан сан саласында тың өзгерістер байқалады. Нақтырақ айтқанда, ауданымызда жыл басынан бері барлық маңызды салалар бойынша дамудың оң динамикасы қалыптасып, нәтижелі жұмыстар атқарылу үстінде.
2022 жылы Сырдария ауданының бюджеті 13,0 млрд теңгені құраса, 2023 жылдың 6 айында бюджетіміз 10,7 млрд. теңгеге жеткені баршаға мәлім. Биылғы жылы есепті кезеңде аудан экономикасына тікелей ықпал ететін өнеркәсіп саласында оң динамика қалыптасып, өнеркәсіп өндірісі 6,1 есеге ұлғайса, ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,5 пайызға, инвестиция 2,2 есеге, тұрғын үй 36,9 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 3,1 есеге артып отыр.
Мәселен, 2022 жылы өнеркәсіп өндірісі 4,3 есеге ұлғайса, өңдеу 55,9 пайызға өсті. Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі орындалып, инвестиция 219 пайызға, тұрғын үй құрылыс жұмыстарының көлемі 1,9 пайызға артты. Өздеріңізге белгілі, ауданымыз аграрлы аймақ болып табылады.
– Сырдария ауданында біршама жұмыстар атқарылуда. Жалпы, ауданның арттыруда инвестиция тарту – маңызды рөл ойнайды. Сондықтан біз жүйелі жұмыс жасап, тың жобаларға иек артамыз. Алдағы уақытта халықтың әлеуетін арттыруға барымызды саламыз. Құрылыс жұмыстары бәсеңдемейді. Қайта барлық жағынан жандандаруға жұдырықтай жұмылуымыз керекпіз, – деді аудан басшысы.
Осы ретте, егін егу жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде. 2023 жылы аудан бойынша егілген егістің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға артқан, яғни, 35 мың 692 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның 23 мың 500 гектарына күріш, 12 мың 192 гектарға қалған дақылдар орналастырылды.
Жалпы, жаздық бидай 1723 гектар, мақсары 180 гектар, күнбағыс 100 гектар арпа 15 гектар, жаңа жоңышқа 1846 гектар, картоп 508 гектар, көкөніс 240 гектар, бақша 420 гектар, ескі жоңышқа 7160 гектарды құрап отыр. 2022 жылы 33 мың гектар, оның шінде 21 мың гектар күріш егілгені мәлім. Өткен жылы су тапшылығы шаруашылықтарға қиындық туғызғаны белгілі. Былтыр облыстық бюджеттен 198 млн. теңгеге 6 каналдың 56,2 шақырымына тазарту жұмыстары жүргізілген болатын.
Мысалы, Інкәрдария ауылында «Ақтам» каналының 14,3 шақырымына тазалау, Аманкелді ауылында «Қосапанә» каналының 13,3 шақырымына тазалау, Айдарлы ауылында «Ақтам» каналының 6,7 шақырымына тазалау, Жетікөл ауылында «Жыңғылдыкөл» каналының «4,7 Хозцентр» каналының 7,0 шақырымдарына тазалау, Шіркейлі ауылында «Байділда» каналының 10,2 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қосымша қажетті 19 дана насос алынып, елді мекендерге жеткізілді. Нәтижесінде, ауданымыз жоғары межеден шықты. Биылғы жылы да бұл жұмыстар өз жалғасын тауып, 2 каналды («Қашыртқы» (А.Тоқмағанбетов а/о), «Хозцентр» (Аманкелді а/о) тазалау жұмыстарын жүргізуге облыс бюджеттен 13,0 млн. теңге, 4 дана насос алуға 52,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Осы күнге дейін Тереңөзек кентіне 2 электрлі насос А.Тоқмағамбетов ауылдық округіне 2 дизельді насос қондырғылары жеткізілді. Айта кетейік, Тереңөзек кенті «Айтбай арық» каналына 1,2 млн теңге, С.Сейфуллин ауылдық округі «Құрымбек» каналына 0,5 млн теңге, Шаған ауылдық округі «Жиделі арық» каналыне 2,6 млн теңге, Аманкелді ауылдық округі «Баржық» каналы –1,6 млн теңге, Ақжарма ауылдық округі «Ақжарма», «Дәулет-арық» каналдары 2,4 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар Тереңөзек кентіне 2 электрлі насос, А.Тоқмағанбетов ауылдық округіне 2 дизельді насоса алынды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жастарды тарта отырып, әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерін егетін жерлер ашылып бақша егу жұмыстары сәтті жүзеге асырылды. 2022 жылы ашылған 210 гектар жерге 840 адам бақша егіп, өнімдерін алды. Бұл жұмыстар биылда жалғасын тауып бүгінгі күні 359 картоп 200 гектар, көкөніс 51 гектар, бақша 108 гектар жер дайындалып, 1105 адам егін екті. Бұл бағытта аудан бойынша 6 елді мекеннен (Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Шіркейлі, А.Тоқмағанбетов жастар бригадалары құрылып, қазіргі таңда 150 жас 40 гектар жерге егін орналастырды.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында ауыл шаруашылығы өнімдері базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағамен жәрмеңкелер ұйымдастырылуда.
Кәсіпкерлік саласы бойынша ауданда 3378 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Оның ішінде, 138 шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 1525 жеке кәсіпкерлер, 1715 шаруа және фермер қожалықтары бар. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3247 болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 136,5 пайызды өскен. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 96,1 пайызды құрады. Жалпы 2023 жылдың 5 айында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 1,2 млрд. теңгені құрайтын 133 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. Мәселен, «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы - құны 76,0 млн.теңгенің 11 жобасы, Ұлттық жоба шеңберінде екінші деңгейлі банкттерден құны 136,0 млн.теңгенің 3 жобасы қаржыландырылды. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы - 36 адамға 49,7 млн.теңге қайтарымсыз грант берілді. Сонымен қатар «Кең дала», «Агробизнес» және «Іскер» бағдарламалары – 408,8 млн.теңгенің 66 жобасы қаржыландыру жүргізілді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы құны 520,5 млн.теңгеге 15 ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтары алынды. Сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін құны 1,9 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, жеңілдетілген несие алу үшін 2,7 млрд. теңгені құрайтын 395 жобаның құжаттары қаржы ұйымдарының қарауына ұсынылуда.
Сондай-ақ «Агробизнес» бағдарламасы аясында 43,0 млн. теңгені құрайтын 4 жоба, «Микробизнес Қызылорда» өңірлік бағдарламасы аясында құны 193,5 млн. теңгені құрайтын 27 жоба, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 177,5 млн. теңгені құрайтын 18 жоба, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,3 млрд. теңгені құрайтын 346 жоба бар. Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, ауылдық жерлердегі халықтың табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасына ауданымызда қатысады.
– Негізінен, «Ауыл аманаты» жобасы халық үшін ең тиімді бағдарламалардың бірі саналады. Қазіргі уақытта аталған жобаға қатысуға ниетті жандар қатары баршылық. Өз кезегінде кәсібін кеңйтемін деген азаматтарға барлық жағдай жасауымыз керек. Сонымен бірге мемлекеттік бағдарламаға қатысқан жандар жұмысқа адам тартып, аудандағы жұмыссыздық деңгейін азайтуға мүмкіндік туғызса екен, – деді аудан басшысы.
2023 жылы Сырдария ауданында құрылыс және коммуналдық саласы бойынша қарқынды жұмыстар атқарылатын болады.
2022 жылы 1,6 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілген болса, биыл 7,3 млрд. (5 млрд. 325 млн. теңге республикалық, 1 млрд. 827 млн. теңге облыстық, 155 млн. теңге аудандық бюджеттен) теңгенің 58 жобасы жүзеге асырылмақ. Облыстық басқармалар арқылы 2,6 млрд теңге, аудандық бөлімдер арқылы 4,7 млрд теңгені құрайды. Биылғы жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 80 тұрғын үй сатып алу жоспарлануда, қазіргі таңда 50 тұрғын үй сатып алуға 480,0 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Ауданда жүзеге асырылатын жобаларды әзірлеу барысында халыққа бірінші кезекте қажетті құрылыстарға басымдық беруді тапсырған болатынбыз. Осы ретте, 2023 жылы 34 жобаға 1 млрд теңге қаржы бөлініп, 27,6 шақырымға асфальт жабындылары төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл ел бесігі» жобасы арқылы 488,7 млн. теңгеге 12 жоба, облыстық бюджеттен 335,2 млн теңгеге 19 жоба және өтпелі 206,1 млн теңгеге 3 жоба жүзеге асырылуда. Биыл Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдарын қосатын «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» автожолы 1,4 млрд.теңгеге, «Шымкент-Самара-Тереңөзек» трассасына 687,0 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысы «Әділетті Мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында елімізде электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісінің, жылу коммуникациясының 57 пайызының және су құбыры желісінің жартысына жуығының тозығы жеткендігін атап өткен болатын.
Жолдаудың негізінде, ауданда ауыз су, электрмен қамту, газ, жолдарға қатысты жобаларға басымдық берілген. Атап айтқанда, республикалық және облыстық бюджет есебінен берілген 1,6 млрд қаржыға Айдарлы, Аманкелді, Жетікөл, Қоғалыкөл елді мекендерінің электр бағаналары мен желілері және электр тоғын тарату трансформаторлары 100 пайыз ауыстырылуда. Сонымен қатар, демеушілер есебінен Қалжан ахун, Шаған елді мекендерін электрмен жабдықтауға жобалау сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті басқармаға өтінім ұсынылса, А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин елді мекендерімен Тереңөзек кентін электрмен жабдықтауға жобалау сметалық құжаттары әзірленуде. Ағымдағы жылы демеушілік есебінен 725,5 млн теңгеге 4 елді мекеннің (Тереңөзек кентінің 11 көшесі, Шаған елді мекенінің 5 көшесі, Аманкелді елді мекенінің 3 көшесі, Қоғалыкөл елді мекені 3 көшесінің) 22 көшесіндегі ауыз су құбыры желісінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 6 жоба бойынша тиісті басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылды. Биыл 2 ауылдың (Шаған және Қоғалыкөл) ауыз су құбырларын жаңартуға (3 жобаға) 246,0 млн теңге қаржы бөлінді. Қалған 3 жобаны республикалық бюджеттен қаржыландырылу күтілуде. Атап өтетін жағдай, Тереңөзек кенті газбен толығымен қамтамасыз етілсе, ауылдық округтерде газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Ал Қалжан Ахун, Сейфуллин, А. Тоқмағанбетов және Шаған ауылдарын газдандыруға 2023-2025 жылдарға республикалық бюджеттен қаржыландыруға 3,9 млрд теңгеге бюджеттік өтінімдер ұсынылып, 2023 жылға Қалжан ахун аулына газ жүргізуге республикалық бюджеттен 298,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Ал, С.Сейфуллин және А.Тоқмағанбетов ауылдарын газдандыру жобасын бастауға облыстық бюджеттен 40,0 млн теңге бөлініп, жұмыстар жасалуда. Сондай-ақ, Н.Ілиясов (635,0 млн теңге), Ақжарма (1 млрд 829,0 млн теңге) елді мекендерін газбен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер есебінен жобалау сметалық құжаттары әзірленуде. Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту қашанда басым бағыттарға ие.
2023 жылдың есепті кезеңде жұмыспен қамту орталығына 2120 адам хабарласып, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1434 адам қамтылса, оның тұрақты жұмыспен қамтылғандары 178 адамды, яғни 12,4 пайызды құрады. 2023 жылға 2142 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, бүгінде 1093 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар 51,0 пайызға орындалып отыр.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға» 36 адам грант иеленсе, «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 32 адам, «Жастар тәжірибесіне» 28 жас маман, «Қоғамдық жұмыстарға» 772 адам жолданды. «Алғашқы жұмыс орындарына» 2 адам, «Ұрпақтар сабақтастығы» бойынша 1 адам, «Күміс жаспен» 44 адам қамтылды.
Мемлекеттің жарқын болашағы жастарды сапалы біліммен қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Сырдария ауданы бойынша 53 білім беру ұйымы жұмыс жасаса, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағытта 5 инновациялық мектеп-лицей бар (Оның ішінде, 30 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (17 мемлекеттік балабақша, 6 мектеп жанындағы шағын орталық, 7 жеке балабақша) 17 мектеп, 6 қосымша білім беру ұйымдары, 1 жалпы білім беретін кешкі мектеп). Аз қамтылған отбасы мен 1-4 сыныптың 3323 оқушысы және мектепке дейінгі мекемелерде 100 пайыз бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. 2022-2023 оқу жылында 471 оқушы мектеп бітіріп, ҰБТ-ға қатысуға 496-сі, яғни 84,1 пайызы ниет білдіріп отыр. Орташа балл 83,1. Денсаулық саласы бойынша ауданда 110 төсек орындық аудандық аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 1 медициналық бекет халыққа қызмет көрсетуде. Медициналық мекеменің құрал-жабдықтармен қамту көрсеткіші 81,6% құрады.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 182,4 млн. теңгеге 3 ауылдың Іңкәрдария, А.Тоқмағамбетов пен Қалжан Ахун фельдшерлік-акушерлік бекеттері күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен 405 млн. теңгеге Н.Ілиясов ауылындағы амбулатория құрылысы жүргізілмек.
Сонымен бірге спорттың бұқаралық сипатын дамыту – біздің негізгі бағыттарымыздың бірі. Ауданымызда 134 спорттық нысан, 541 спорттық секциялар жұмыс жасап, аудан халқының 38 пайызы жүйелі түрде спортпен айналысуда. Аудандағы спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында тиісті жұмыстар жасалуда. Тереңөзек кентіндегі спорт клубы ғимаратын күрделі жөндеу мақсатында облыстық бюджеттен 88 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары басталды. Бесарық ауылындағы спорт кешенінің құрылысы 218,2 млн. теңге қаржы бөлінге қыркүйек айында аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілетін болады.