Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аграрлық салада үздіктер қатарынан көрінді. Анығын айтқанда, берекесі тасыған, қамбасы астыққа толған  аудан көш басынан табылды. Әр жыл сайын ауыл шаруашылығы саласына дем беретін аудан көлемінде өткен жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Өз кезегінде аграрлы сала бағыты бойынша ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Жұмабековпен сұқбаттасқан едік.  

– Нұрбол Баянәліұлы өткен жылы ауыл шаруашылығының негізігі бөлшегі саналатын  егін егу саласында қандай жаңалықтар бар?  

– 2022 жылы ауданымызда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 33098 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды. Оның ішінде, негізгі дақыл – күріштің көлемі 20728 гектар, жаздық бидай 2119 гектар, мақсары 359 гектар, күнбағыс 2 гектар, қант құмайы 20 гектар, сүрлемдік жүгері 42 гектар, жаңа жоңышқа 2113 гектар, ескі жоңышқа 6696 гектар, және картоп, көкөніс, бақша 1019 гектарды  құрайды.  Әртараптандыру бағыты бойынша жалпы 991 гектарға артып отыр. Атап айтқанда, бидай - 619 га, мақсары - 194 га, күнбағыс – 2 га, картоп – 88 га, көкөніс - 19 га және бақша өнімдері - 77 гектар болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерін шаруашылық құрылымдары тарапынан ауыл тұрғындары үшін егіс алқаптарынан 210 гектар қосымша жерлер ашылып, 840 отбасыға бөлініп берілді. Оның 90 гектарына картоп, 20 гектарына көкөніс, 100 гектарына бақша дақылдары егілді. 2022 жылы егіске 5508 тонна күріш тұқымы себілді. Атап айтқанда, отандық сорттар бойынша «Сыр Сұлуы» 80 гектарға, Ресейлік сорттар бойынша «Лидер» 16425 гектарға, «Янтарь» 4223 гектарға себілді. 

Шаруашылық құрылымдары қажетті минералдық тыңайтқыштың 9907 тоннасын, яғни, 100 пайыз және арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің 16290 литрін сатып алды. 16000 гектар күріш дақылын тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріліп, арамшөптерге қарсы 17500 гектар көлемге химиялық өңдеу жұмысы жүргізілді.  2022 жылы маусым айында мемлекеттік жер қорларынан 2400 гектар, шаруашылық құрылымдары жерлерінен 800 гектар жер саяқ шегіртке дернәсілдеріне қарсы өңделді. 

Аудан бойынша  20728  гектар күріш дақылынан 64,0 центнерден өнім алынып, барлығы 1 326 592,0 центнер астық жиналды.  Шаруашылық құрылымдары жоңышқа дақылының  4924 гектары бойынша ІІІ – орымынан 19675 тонна мал азықтық шөп жиналып, орта өнімі 40,0 центнерден келді. Биылғы егілген жаңа жоңышқадан 1690 тонна шөп жиналып, барлығы 21365  тонна мал азықтық шөп жиналды. Егілген 2119 гектар жаздық бидайдан 19436 центнер өнім алынып, орта өнімі гектарына 9,2 центнерден, 359 гектар мақсарыдан  1795 центнер өнім алынып, орта өнімі  гектарына 5,0  центнерден, 2 гектар күнбағыстан 4,0 центнер өнім алынып, орта өнімі гектарына 2,0 центнерден, 42 гектар сүрлемдік жүгеріден 840,0 центнер өнім алынып, орта өнімі гектарына 20,0 центнерден және 20 гектар қант құмайынан 400 центнер өнім алынып, орта өнімі гектарына 20,0 центнерден келді. Сонымен қатар, 2022 жылы картоп, көкөніс, бақша дақылының 1019 гектары толық жиналды. 398 гектар картоптан 8438 тн өнім алынып, әр гектарына 212,0 центнерден, 209 гектар көкөністен 4723 тн өнім алынып, әр гектарына 226,0 центнерден, 412 гектар бақшаның 11618 тн  өнім алынып, әр гектарынан 282,0 центнерден өнім алынды. Күзгі егін жинау жұмыстарына 2511 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, шаруашылық құрылымдарына 210 теңгеден жеткізілді. Егін жинау науқанына барлығы – 954 дана, яғни, 225 комбайн, 115 жатка, 350 трактор, 201 трактор тіркемесі, 63 тасымал автокөлігі секілді ауылшаруашылығы техникалары қатысты. «Углесбыт» ЖШС-гі  Тәжікстан, Әзірбайжан мемлекеттеріне 950 тонна және «Абзал и К» ТС-гі Моңғолия, Әзірбайжан, Украина, Америка мемлекеттеріне 15000 тонна ақ күріш экспорттады.

– Мал шаруашылығына байланысты сандарды сөйлете аламыз ба? 

– Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында ауданда 38111 бас мүйізді ірі қара,   31048 бас уақ мал, 19928 бас жылқы, 1643 бас түйе, 12471 бас құс өсірілуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 105,2%,  жылқы 109,5%, түйе 101,9%, құс 106,4% артып, уақ мал 105,5% орындалды. 2022 жылдың 1 қаңтарында барлығы  4100,4 тонна ет  7133,7 тонна сүт, 191,1 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 102,5 пайызға, сүт 101,2 пайызға, жұмыртқа 101,4 пайызға артты. Қазіргі таңда ауданда 128 шаруашылық құрылымдары мал шаруашылығымен айналысып келеді. Оның ішінде, 11 шаруашылық асыл тұқымды мал шаруашылығымен шұғылдануда. Асыл тұқымды 1000 бас мүйізді ірі қара, 4749 бас қой малы бар. 2022 жылы «Кеңдала», «Агробизнес», «Іскер» бағдарламалары бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 48 шаруашылық құрылымдары егін және мал шаруашылығын дамытуға 375,0 млн теңге несие алды. Егін шаруашылығын дамытуға «Кеңдала» және «Агробизнес» бағдарламалары бойынша 6 шаруашылық құрылымдары 168,6 млн теңге. 
Мал шаруашылығын дамытуға «Агробизнес», «Іскер» бағдарламасы бойынша 42 шаруашылық құрылымдары 206,4 млн теңгеге 42 бас түйе, 156 бас сиыр 262 бас жылқы, 200 бас қой сатып алып күтіп бағуда.

– Өңірімізде су тапшылығы көптеп орын алатыны мәлім. Су мәселесіне қаншалықты назар аударылады?

– Облыстық бюджеттен 198 млн. теңге қаржы бөлініп облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 6 каналдың 56,2 шақырымына механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді.
Мәселен, Інкәрдария ауылындағы Ақтам каналының 14,3 шақырымына,
Аманкелді аулындағы Қосапан каналының 13,3 шақырымына, Айдарлы ауылындағы Ақтам каналының 6,7 шақырымына, Жетікөл ауылындағы Жыңғылдыкөл каналының 4,7 Хозцентр каналының 7,0 шақырымдарына,
Шіркейлі ауылындағы Байділда каналының 10,2 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізілді. Қосымша елді мекендерді қажетті насос қондырғыларымен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы 19 насос құрылғыларына сұраныс беріліп, елді мекендерге жеткізілді. Сонымен қатар уақытша пайдалануға «Табиғат» мекемесі арқылы 1 дана дизельды 1 дана электрлі насос қондырғылары алынды.  «Қазсушар»РМК Қызылорда филиалы арқылы 4 каналға (Елтай (22,0)  , СЖМК-9 (7,4), СЖМК-11 В (7,0) Жасқайрат (10,7)  тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге Асқар Тоқмағамбетов ауылындағы Елтай каналының 14,2 шақырымына, Шаған ауылындағы  СЖМК-9  7,4 шақырымына, СЖМК-11В 7 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Ал Аманкелді ауылындағы «Жас Қайрат» каналының 10,7 шақырымына (Қожан шлюзінен Балықбай шлюзі аралығы) бір жақты механикалық тазарту жұмысы жасалды. Қосымша вегетациялық кезеңде су тапшылығын болдырмау мақсатында сұраныс берілген 14 дана насос құрылғысынан 13 дана насос қондырғысы жеткізіліп егістік алқаптарына орнатылды.

– Аудан бойынша ауылшаруашылығы техникалары жеткілікті ме?

– Техникалық саясатты жетілдіру және машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары соңғы жылдары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі кезде шаруашылықтар шетелдік заманауи, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникаларына басымдылық беріп келеді.  Аудан бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары бүгінгі күні жалпы – 38 дана ауыл шаруашылығы техникасы статистика бөліміне тіркеліп, негізгі қорға 1 млрд 260 млн  736 мың 241 теңге салынды.  Оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан лизинг арқылы жаңа 10 дана 358 млн 178 мың 074 теңге ауыл шаруашылығы техникаларын  және өз қаражатынан шаруа құрылымдары 28 дана 902 млн 558 мың 167 теңге ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

– Өзіңіз жетекшілік ететін бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсету бағыты қандай?

Ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, бүгінгі күнге жалпы 201 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ауыл шаруашылығы техникаларын ауыл шаруашылығы нөмірлік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша заңды және жеке тұлғаларға 81 техника тіркелді. «Ауыл шаруашылығы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты бойынша оқу орнын бітірген  куәліктеріне сәйкес және ескі үлгідегі куәліктерін жаңа үлгідегі куәлікке айырбасталып, барлығы – 93 тракторист-машинист жүргізушілік куәліктері берілді. «Ауыл шаруашылығы машиналарды жыл сайынғы техникалық байқаудан  өткізу» стандарты бойынша 22 өтініш түсті.  «Ауыл шаруашылығы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 5 қызмет көрсетілді.

– Ауданымызда балық шаруашылығы қалай дамуда?

– Аудан бойынша 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасына енгізілген 11 тауарлы балық шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және 2 тоған шаруашылығы бар.  Тереңөзек кентінде «Газ Құрылыс Монтаж Қазақстан Компаниясы» ЖШС-гі 2 гектар тоған, Шіркейлі ауылында «Мәді-Қажы» ЖШС-і 3 гектар тоған, тоған шаруашылығын құру үшін жер телімдерін рәсімдеп, жер учаскелерінде тоған қазу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге қазылған тоғандарға тоспа кәріз құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осы жұмыстар толығымен аяқталып тоғанда тауарлы балық өсіру жоспарлануда.  Балық түрлері: тұқы, сазан, мөңке. 
Балық шаруашылығын дамыту өңірлік бағдарламасына енбеген өз инициативасымен балық шаруашылығымен айналысатын Ақжарма ауылдық округінен «Ызакөл» фермерлік қожалығы 7 га. жер учаскесін тоған шаруашылығын жүргізу мақсатында алынған. Осы аталған жер учаскесінде 4 га. тоған қазу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.  
2022 жылы көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығымен айналысатын табиғат пайдаланушылар 28,9 тонна тауарлы балықты өндіріп аудандық статистикалық басқармасына есебін тапсырды. Балық шаруашылығын дамыту мақсатында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасына 2023 жылға 2 тоған шаруашылығын қосу  арқылы Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округінен Жеке Кәсіпкер «Бекпенбет Султан» 1 га тоған және Шіркейлі ауылдық округінен «Мәді-Қажы» ЖШС-гі 3 гектар тоған жоспарланды.

– Азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бойынша нендей жұмыстар атқарылуда?


– Аудан бойынша барлық сауда орындарында аса маңызды азық-түлік өнімдері тұрақты сатылуда. Апта сайын мониторинг, азық-түлік өнімдерінің сатып алу бағасынан 15% пайыздан асырмау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Азық-түлік тауарларының бағаларын негізсіз өсіру фактісіне қолданыстағы заңнамаларға сәйкес әкімшілік жауапкерлішік қаралғандығы туралы аудан әкімінің қолымен ескерту хабарламасы, бүгінгі күнге дейін 2 мәрте аудан көлемінде орналасқан 126 шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерінің назарына жеткізіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәжірибесін басшылыққа алып, қолданыстағы заң шеңберінде мемлекеттік бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге, Сырдария ауданы әкімдігімен  4 сауда нысанындағы азық-түлік   өнімдері картоп, жуа, сәбіз бағасының деңгейіне қатысты жоспардан тыс тексерулер тағайындалып, тексеру жұмыстары нәтижесімен, шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылатын 4 нысанда сауда үстемесін сақтау бөлігінде заң бұзушылықтар анықталып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 204-4-бабына сәйкес, ескерту түріндегі әкімшілік шарасы қабылданды.

Аудан орталығында орналасқан сауда үйлерінің қоймаларында бүгінгі күнге қолда бар азық-түлік өнімдерінің қорлары 121 тонна болып табылады. Сонымен қатар 2022 жылы аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша 102 сауда нүктелерімен меморандумдарға қол қойылды. 2022 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында, аудан бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мы арқылы заем берілетіндігі жөнінде ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Аудан бойынша кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық танытқанымен, кепіл мүлкі болмауына байланысты заем алудан бас тартып отыр. Дегенмен, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-на аудан әкімдігі тарапынан облыс орталығындағы орналасқан әлеуметтік дүкендердің жобасы аясында Тереңөзек кентіндегі бос ғимаратты ақысыз негізде «Айманка» жеке кәсіпкері Уфанова Айман Әлиакбарқызына  ұсына отырып «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен келісім шарт негізінде, әлеуметтік дүкен ашу шешімі қабылданды. Аудан тұрғындарын арзандатылған азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығында ауданның ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Атап айтқанда, 2022 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ  бірлесіп аудан орталығында  5 мәрте және облыс орталығында 4 мәрте ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге барлығы 803,3 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерінің 35 түрінен әкелініп, нарық бағасынан төмен бағамен ұсынылды. Нан бағасын тұрақтандыру бойынша, ауданда 4 наубайханада күніне 2640 дана нан өндіріп сауда орындарына сатуда. Қосымша күнделікті 2275 дана нан өнімдері Қызылорда қаласынан ауданға келуде.  Аудан бойынша нан бағасын тұрақтандыру мақсатында жеке кәсіпкер «Айша» наубайханасын бидай ұнын жеткізуші оператор ретінде бекітілді. Наубайханалар бүгінгі күнге дейін 112 тонна әлеуметтік ұнын алып, азық-түлік дүкендері мен сауда орталықтарына бір бөлке нанды 75 теңгеден таратып дүкендер тарапынан 80 теңгеден сатылуда.

 – Өткен жылы аудан көлемінде қанша көлемде инвестиция тартылды?

– Ақжарма ауылындағы «Ақжарма-1» фермер қожалығының құны 50,0 млн. теңгені құрайтын күріш ақтау цехын іске қосты. Шаған ауылындағы «Шаған» фермер қожалығы құны 150,0 млн. теңгені құрайтын күріш ақтау цехын іске қосқан болатын. Шіркейлі ауылында «Ысамаддин» шаруа қожалығы құны 100,0 млн. теңгені құрайтын «10 мың тонналық күріш қоймасын салу» жобасын жүзеге асырды.  Қорыта келе Сырдария ауданы 2022 жылдың 9 ай қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласы бойынша облыстың үздік ауданы атанды.
 

Тағы да оқыңыз: