Kyzylorda-news.kz   Сырдария ауданында «Санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру» екі айлығы аясында сенбілік өткізіліп, жергілікті тұрғындар тал екті.  

Сенбілікте аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Тағзым» алаңында тал егілді. Аудан басшысы жергілікті тұрғындарға көркейту іс-шарасының маңыздылығын атап, тазалық акциясына белсенді қатысуға шақырды.

– Көктем шығып, тазалық іс-шарасы жүзеге асуда. Өз кезегінде аудан жұртшылығы сенбіліккте белсенділік танытып жатса, қуанымыз. Бүгінде айналаны күл-қоқыстан арылту – күн тәртібінен түспейді. Аудан орталығы мен елді мекендердегі тазалық іс-шарасы ұдайы тұрақты жасала береді. Сонымен қоршаған ортаға табиғатқа ерекше әсем көрініс беретін тал егу көктем мезгілінде тоқтамайды. Шын мәнінде айналаны жасыл желікке айналдыруымыз керекпіз, – деді аудан басшысы.

Қазіргі таңда негізі су арналарын тазартуға күш жұмсалуда. Өйткені, жақын арада каналдарға су жіберілгенде, қыс бойы ішіне жиналған қоқыстар су ағысына кедергі келтіреді. Осы ретте, каналдар арқылы аяқ су жеткізілетін арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, сырдариялықтар тиісті көшелерде ағаштарды әктеп, санитарлық тазалық жұмыстарында белсенділік танытты.

 

Тағы да оқыңыз: