Kyzylorda-news.kz.  Тұрғын үй құрылысы бойынша Қызылордада өнімді жұмыс бар. Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары Сыр өңірінде тұрғын үй құрылысы қарқын алып, қала аумағы әлдеқайда кеңейді.

Әсіресе, баспанасы апатты деп танылған тұрғындарға 60 пәтерлі жаңа арендалық, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 50 пәтерлі көпқабатты үйдің берілуі қамкөңіл жандардың көңілін бір көтеріп тастады. Екіншіден, өңірде арнайы қабылданған «Сыр жастары» бағдарламасы талай жастың үмітін үкілеп отыр. Осы бағдарлама аясында алғаш рет 130-дан астам жас отбасыға жеңілдетілген ипотекалық несие беру үшін жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге, «Отбасы» банкі арқылы 500 млн теңге, барлығы 1,7 млрд теңге қаражат қарастырылған.

Жалпы, өткен жылы мемлекеттік бюджет есебінен тұрғын үй құрылысына 9,1 млрд теңге қаржы бөлініпті. Оған 32 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілсе, 12-сі пайдалануға берілген. Биыл 23 тұрғын үй, барлығы 982 пәтер табысталатын болады. Мұнан бөлек, 1000 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 9,6 млрд теңге қаржы бөлінді.

Сондай-ақ, өткен жылы аймақта 6 ауыл халқы «көгілдір отынға» қол жеткізсе, биыл 10 ауылға беріліп, облыста халықты газбен қамту деңгейі 72 пайызды құрайды.

 

Тағы да оқыңыз: