Kyzylorda-news.kz Синоптиктердің мәліметінше, шілде айы маусым айына қарағанда салқынырақ болмақ. Өткінші жаңбыр, найзағай екінші онкүндіктің басында және соңында, үшінші онкүндіктің басында және ортасында күтіледі. Жел 15-20 м/с, ал шаңды дауыл бір ай ішінде жиі болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі Мағжан Сәдуақасов хабарлайды.
– Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде +13+18°С-тан +23+28°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +35+40, облыстың оңтүстігінде +43°С-қа дейін жоғарылайды деп болжанады. Екінші онкүндікте ауа температурасының түнде +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз +36+41°С-тан +30+35°С-қа дейін төмендеуі болжанып отыр. Содан кейін ауа температурасының түнде +21+26°С-қа дейін, ал күндіз +36+41°С-қа дейін жоғарыламақ. Үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде +16+21°С-тан +21+26°С-қа дейін, күндіз +31+36°С-тан +36+41°С-қа дейін ауытқуы күтіледі,- деді Мағжан Ғалымұлы.
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі