Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарын егу оңтайлы мерзімдеріне сәйкес жүргізілуде.

Су тапшылығына байланысты ауданда әртараптандыру дақылдарын егуге басымдық беріліп жатыр. Ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы картоп 1201 гектарға, көкөніс 1701 гектарға және бақша дақылдары да 2457 гектарға ұлғайған.

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының дерегінше қазіргі таңда Шиелі ауданының шаруалары суды үнемдеу технологиясын пайдалана отырып, «СЕРІК» шаруа қожалығы тамшылатып суғару әдісімен қызанақ, қияр, қауын, қарбыз егіп жатыр. Сонымен қатар, жаңбырлатып суғару жобасын қолдану арқылы «Ұлытау Агро» ЖШС-гі 40 гектар жоңышқа екті.

Шаруалар тамшылатып суғарудың пайдасы мен тиімділігін байқауда. Бұл өз кезегінде мол өнім алуға мүмкіндік береді.

Тағы да оқыңыз: