Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданындағы «Шиелі Шұжық» ЖШС шұжық цехы қазіргі кезде аудан ғана емес, облыс көлеміне жақсы танымал. Одан шыққан өнімдер дастарханның сәнін келтірумен қатар, дәмін татқан жанның таңдайында қалады.

2005 жылы құрылған цех біршама қиындықтарға байланысты 2017 жылы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Дегенмен, кәсіпорын басшысы, белгілі кәсіпкер Патима Маханбет қиындықтан шығудың жолын іздеп, өндірісті іске қосты.

Осылайша кәсіпорын 2020 жылы жұмысын қайта бастады. Кәсіпкер «Байқоңыр» ӘКК-дан осы жобаға 32 млн теңге несие де алды. Істің көзін тапқан кәсіпкерге кешегі пандемия да қолбайлау болмады. Жаңа құрылғылар сатып алып, жұмысын жандандырған кәсіпкер бүгінгі күні 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Цехта заманауи жабдықталған құрылғылардың арқасында күніне 500 келі шұжық өндіріледі. Жалпы мұнда шұжық өнімдерінің 12 түрі бар.

Тағы да оқыңыз: