Kyzylorda-news.kz.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов мәлімдеді.

“Бүгінде Шиелі кенті және Ы.Жақаев, Бидайкөл, Байсын, Н.Бекежанов, Ш.Қодаманов, Ақмая, Алғабас ауылдары, яғни аудан халқының 68 пайызы көгілдір отынға қосылған” - деді Н.Ахатов.

Алдағы уақытта Еңбекші, Жиделіарық, Алмалы және Ә.Тәжібаев елді мекендеріне газ жеткізілмек. Жобалар, бюджеттік өтінім тиісті министрлікке тапсырылды.

Әкімнің айтуынша, Тартоғай (демеушілер есебінен), Майлытоғай елді мекендерінің (ішкі және сыртқы магистралды газ құбыры) жобалық сметалық құжаттары дайындалып жатыр.

“Осы жобалар іске асқан жағдайда аудан халқының 85 пайызы газбен қамтылатын болады” - деді аудан басшысы.

564f58e3-579f-4ef4-b73b-e36a43306cb8.jpg

@qyzylordanews

Тағы да оқыңыз: