Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Шабақ құтқару – 2022» акциясы аясында 7 млн 300 мың дана балық шабағы құтқарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Құрманбаев мәлімдеді.

- Облыс аумағында орналасқан күріш алқаптарында, каналдарда, бөлектенген су айдындарында шабақ құтқару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда күріш алқаптарынан 4,1 млн дана балық шабағы құтқарылып, жақын маңдағы су айдындарына жіберілуде. Аталған жұмыстар 25 қазанға дейін жалғасады, - деді басқарма басшысы.

Атап өту қажет, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК-мен біржаздық балық шабақтары мен тұқым шабақтар өсіріліп, аталған шабақтардың 30-40%-ын Қамыстыбас көліне, ал 60-70%-ын Арал теңізіне жіберу жұмыстары жүргізілуде.

«Бүгінде Қызылорда облысы бойынша балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы аясында жұмыстар жалғасуда. Биыл 2030 жылға дейін жоспарланған балық өсіретін 55 көл-тауарлы су айдынының саны 69-ға жетті. 2022 жылы 409 тонна тауарлы балық өсіру межесін орындау жоспары белгіленсе, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар нәтижесінде 360 тоннаға жеткізілді», - деп мәлімдеді Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекция басшысы Ж.Сапаров.

311324057_1641214066274099_1495497714203238423_n.jpg

Тағы да оқыңыз: