Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Балық шаруашылығы қызметкерінің күніне» арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов қатысып, аймақтың ата-кәсібінің иесі саналатын балық шаруашылығы қызметкеркерлерін төл мерекесімен құттықтады.
«Қазіргі таңда облысымыздың балық шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Қызылорда облысы Республика бойынша бірінші болып «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» бекітті. Бағдарламаға сәйкес, 2030 жылға қарай, облыстың балық экспортын 2 есеге, тауарлы балық өндіру көлемін 111 есеге арттырып, 500-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады деп жоспарлап отырмыз. Соңғы 5 жылда балық экспортының көлемі 5 есе өсіп, 10-нан астам шет елдеріне экспортталуда», – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Сыр елінің балығын өсіріп, оны қорғаумен қатар молықтыруға аянбай үлес қосып жүрген балық шаруашығы саласының бір топ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрмет атағымен, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Балық шаруашылығы саласында мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Құрмет грамотасымен», сондай-ақ министрліктің Балық шаруашылығы Комитеті төрағасының «Алғыс Хатымен» және Облыс әкімінің «Алғыс Хатымен» марапатталады.